Сабақтың тақырыбы «Қызыл кітап»


-тапсырма. «Балық қаңқасы» әдісі арқылы шығармада көтерілген мәселені, себептерін, шешімін анықтаңыз



бет2/2
Дата24.09.2022
өлшемі4,74 Mb.
#150602
түріСабақ
1   2
Байланысты:
5-сабақ. «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім

1-тапсырма. «Балық қаңқасы» әдісі арқылы шығармада көтерілген мәселені, себептерін, шешімін анықтаңыз.


Дескриптор:
1. Шығармада көтерілген мәселені анықтайды;
2. Себебін жазады;
3. Шешімін табады.
Ықтимал жауаптар:
 
Көтерілген мәселе: Жер бетіндегі адамзат істеп жатқан зұлымдыққа қарсылық. Бүгін аң-құс жер бетінен жойылып жатса, ертең адамзат та жер бетінен жойылады деген мағына бой көрсетеді. Адам баласы өзінің де табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытып, оған қол салғаны туралы.
Себептері:
Адамдардың әдемі теке мүйізге, бұғыға, дронтқа, су сиырға, тоты құсқа, турға, арқарға т.б хайуанаттарға жасаған опасыздықтары.
Шешімі: Қызыл кітап-опат боп кеткен аңдардың, тірі жан тимесін деп хайуанатқа берілген қызыл мандат, тысы жұқа, астары қалыңырақ.
2-тапсырма. Көтерілген мәселеге өз пікіріңді «ПОПС формуласы» әдісі арқылы білдіріп, шығармашылық жұмыстың бірін таңдап орындаңыз. (Эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма)
«Менің ойымша, .................»
«Себебі, мен оны былай түсіндіремін,..........................»
«Оны мен мына фактімен дәлелдеймін,...............................»
«Осыған байланысты мен осындай қорытынды шешімге келдім,.......................»
Дескриптор:
*Шығармада көтерілген мәселеге өз пікірін білдіреді;
*Шығармашылық жұмыс орындайды.

Ықтимал жауап Менің ойымша, бұл шығарма тақырыбы – табиғатты жырға қосу. Себебі, «Қызыл кітап» поэмасында ақын экология мәселесін көтереді. Оны мен мына фактімен дәлелдеймін, ақын поэмасында бір кезде елімізде мекендеген аңдарды түгендейді, соларды жоқтайды. Осыған байланысты мен осындай қорытынды шешімге келдім, табиғат пен адам арасындағы үндестік, саналы адам болғандықтан, қоршаған ортаны, табиғатты қорғау парызымыз.


Шығармашылық жұмыс
Қызыл кітап
Қасиетін аңдардың білші, күнім,
Қасіретін аңдардың білші, күнім,
Қызыл кітап - күрескен қызу өмір,
Қызыл кітап - жоғалған тіршілігім.
Жаннан мейір үзілсе жапырақтай,
Өмір бағын кім сақтар шашыратпай?
Аң мен құстың ойласаң жер бетінде,
Адамзаттан ең жақын досы жоқтай.
Адамзаттан ең күшті қасы жоқтай.
Табиғатсыз күні жоқ адамзаттың,
Тұтата алсаң білтесін жанар бақтың.
Қызыл кітап - жоғалған қызыл өмір,
Өшкен тағдыр тізбегін таба алмақ кім?
Табиғаттың сақтайық үйлесімін,
Жауыздыққа жасайды кім кешірім?
Қызыл кітап болмаса дабыл қаққан,
Қасіреттің ешкім де білмес үнін
Кері байланыс. «Зерде»
  • Білім. Тақырып бойынша алған ақпараттарым.
  • Эмоция. Сабақтағы көңіл-күйім.
  • Баға. Өз жетістігіме беретін бағам.
  • Сын. Өз бойымда нені дамытуым керек?

  • 5. Идея. Маған келген жаңа ой.
    https://padlet.com/z4uhnp3fqn8wjpi2

Оқу тапсырмасы. Шығармашылық жұмыс
Эссе
« Табиғатқа қамқорлық – барша адамның парызы»

Сіздер бүгінгі сабақта:

  • Шығармадағы көтерілген мәселені анықтадыңыз;
  • Көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасыңызды білдірдіңіз;
  • Шығармашылық жұмыс орындадыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет