Сабақтың тақырыбы: «Қызықты химия»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Жүргізуші: Қымбатты оқушылар мен ұстаздар! Химияның кереметіне көз салып, құдіретін ұғыну үшін бүгін біз 8- сыныптар арасында химиядан « Қызықты химия» кешін өткізгелі отырмыз.
Ғали Ормановтың химия кереметтерін суреттейтін мына өлең жолдарымен кешті бастауға рұқсат етіңіздер.
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым - зия
Жаңалап бірі жаралған.
Өмірдің бірақ керегін,
Осылар тауып берер ме?
Табар ма ешкім дерегін,
Телмірмей, сірә, тереңге.
Бүгінгі «Қызықты химия» сайысына қош келдіңіздер.
Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Озып шықсын кім білімді, кім күшті.
Әділ қазы, ақ қазыға жүгінсек
Берер дейміз әділдікпен жеңісті – дей келе сайысымызды әділ
бағалайтын әділ қазылармен таныс болайық.
Алғы сөз
Құрметті қатысушылар!
Сіздер қызықты әрі қиын химия ғылымын оқуды бастадыңыздар.Басқа жаратылыстану пәндері тәрізді химия да қоршаған ортаның, бүкіл табиғаттың сырын ашуға көмектеседі.
Білімді болу үшін төзімділік пен табандылық қажет екенін ұмытпаңыздар.
Өз білімдеріңді көрсете біліңдер.
Кештің жоспары:
1. Қане, танысайық
2. Өнерлі өрге жүзер
3. Ғажайып ел
4. Ойлан, тап
5. Полиглот
6.Аспазшылар қалашығы
7.Анаграммалар
Салем сөздің – анасы
Дейтін қазақ данасы
Сәлемдесіп танысып,
Кеш бастайық жарысып
Жақсылық әркез тілейік
Химияны оқып білейік
Сонымен І кезең «Қане, танысайық». Бұл кезеңнің ерекшілігі топ басшылары өздерінің топ мүшелерімен қысқаша таныстырып, сәттілік тілейді.
Көңілді тапқыштар білімділер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Келесі кезең «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. Бұл кезең бойынша әр топ өз өнерін көрсетеді.
Белді бекем жарыстарға буып тус,
Қара қылдай қақ жарылар әділ іс
Шапқан кезде білім атты көмбеде
Шабыттанып,қапы қалмай оза түс.
Келесі кезең «Ғажайып ел»
Ең қиыны жарыстың «Ойлан,тап» келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Берілген суреттер бойынша заттарды тауып, анықтамасын беру.
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, латынша білсеңіз,
Жақсы ұпай, шәкірт саған несібе.
Ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз, келесі кезең «Полиглот» деп аталады. Полиглот – лат. тілінен аударғанда көп тілді ғылым деген мағынаны береді. Аты айтып тұрғандай, әр топқа 4 сұрақтан қойылады. Шешімін тауып оны қазақша, орысша, латынша атауларын аударып айтасыз.
І топ:
1. Өшпейтін өмір жоқ
Сынбайтын..... жоқ. (темір – железо - феррум)
2. Өзім газбын менімен демаласын
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттегі - кислород - оксигениум)
3. Осы затпен ескі үйді аластайды,
Түріне қарасақ алтынға ұқсайды.(күкірт - сера - сульфур)
4. Өзі ауыр металға жатады,
Емшілер қорықтық құюға жаратады. (қорғасын - свинец - плюмбум)
ІІ топ:
1. Арпа бидай ас екен
.......,..... тас екен (алтын-золото- аурум,күміс - серебро - аргентиум)
2. Ең жеңіл элемент болып саналады
Периодтық жүйе осыдан бастау алады (сутегі - водород - гидрогениум)
3. Сым болып ұзақ созылып
Өзкізем тоқты бойдан мен
Жеткізіп, әнді хабарды
Риза етем көпті мен (Мыс - медь - купрум)
4. Тіршілікті ешқашан қолдамайды
Сондықтан ол ауаның көп бөлігін құрайды (азот - азот - нитрогениум)
Мен химик оқушыға қайран қалам!
Химияның элементін іздеп жүріп,
Күнделікті тағамнан да тауып алған.
Бүгін де химия барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!
Келесі кезең
Достарыңызбен бөлісу: |