Сабақтың тақырыбы Изопроцестер. Изопроцестердің графиктері. Сабақтың номері: №42



бет1/3
Дата21.12.2022
өлшемі0,67 Mb.
#163588
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
42-10А кл


Бекітемін: Т.Насибеков



Мектеп:

Жалпы білім беретін мектеп

Бөлім:

Газ заңдары

Педагогтің аты-жөні

Әділбекова Арайлым

Күні:

13/12/2022ж

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Изопроцестер. Изопроцестердің графиктері.

Сабақтың номері:

№ 42

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.3.2.2 -тұрақты температура кезінде қысымның газ көлеміне тәуелділігін зерттеу (Бойль-Мариотт заңы);
10.2.2.3 - тұрақты қысым кезінде газ көлемінің температураға тәуелділігін зерттеу (Гей-Люссак заңы);
10.2.2.4 - тұрақты көлем кезінде қысымның газ температурасына тәуелділігін зерттеу(Шарль заңы);

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:
Изопроцестер жайлы мағлұмат алады
Басым бөлігі:
Изопроцестер формулаларын есептер шығаруда қолдана біледі
Кейбір оқушылар:
Изопроцестерзаңына өмірден мысалдар келтіреді, өзге пәндермен тақырыпты байланыстырады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Амандасу. Оқушыларды түгендеу.


Сәлеметсіздерме балалар!Біз бүгін Газ заңдары тарауын жалғастырамыз.Өткен сабақта біз идеал газ күйінің теңдеуін түсіндірген болатынбыз.
«Ой қозғау». Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады. 
Оқу тапсырмасын сұрау

  1. Идеал газ деген не?

  2. МКТ негізгі теңдеуі жайында не білеміз?

  3. Больцман тұрақтысы неше тең?

Талқылау үшін сұрақтар беріледі

  1. Қандай теңдеу идеал газ күйінің теңдеу деп аталады?

  2. Қандай процестер изопроцестер деп аталады?

Сұрақтарға жауап беру, 180 беттегі оқу тапсырмасына берілген есептерін тексеру(1 тапсырма)


Ұпай

Кесте


Сабақтың ортасы


-Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын жазыныздар: «Изопроцестер. Изопроцестердің графиктері.»

-Бүгінгі сабақты меңгерген соң, Изопроцесстер формуласын есептер шығаруда қолдана алатын боласыздар.
Теориялық материал
Оқулықты ашындар:
Физика, 10сынып Кронгарт Б.А., Қазақбаева Д.М.. §32, 181 бет
Оқып, қысқаша конспект жазындар(2тапсырма)
Изохоралық процесс. Бұл процесте газ көлемi өзгермейдi: V = const. Газдың iшкi энергиясының өзгерiсi оған берiлген жылу мөлшерiне тең: ΔU = Q. Егер газ қыздырылса , онда Q> 0 және ΔU> 0 – iшкi энергия ұлғаяды. Газды суытқан кезде: Q< 0 және ΔU< 0, оның iшкi энергиясы азаяды.

Изохоралықпроцесскезiндегазкөлемi өзгермейдi, демек, газдыңжұмысынөлгетеңболады. Газдыңiшкi энергиясыныңөзгерiсi оғанберiлгенжылумөлшерiнетеңболады.


Изотермалық процесс. Изотермалық процесс кезiнде газдың температурасы тұрақты болады (Т = const) және оның iшкi энергиясы өзгермейдi. Газға берiлген барлық жылу мөлшерi пайдалы жұмыс атқаруға жұмсалады: Q = А′. Газ белгiлi жылу мөлшерiн (Q> 0) алған кезде, ол оң жұмыс атқарады (А′> 0). Керiсiнше, егер газ қоршаған ортаға жылу берсе, онда оның атқарған жұмысы терiс болып саналады.

Изотермалықпроцесскезiндегаздыңтемпературасытұрақтыжәне iшкi энергиясыөзгермейдi. Газғаберiлгенбарлықжылумөлшерi пайдалыжұмысжасауғажұмсалады.


Изобаралықпроцесс.Изобаралықпроцесскезiндегi газғаберiлгенжылумөлшерi оның iшкi энергиясыныңбiргеөзгеруiнежәнеқысымтұрақтыболғанкездеP = constжұмыстыатқаруғашығындалады.

Изобаралықпроцесскезiндегазғаберiлетiнжылумөлшерi, оныменбiргеоның iшкi энергиясыныңөзгеруiнежәнеқысымтұрақтыболғанкездежасалынатынжұмысқашығындалады.


Адиабаталық процесс. Қоршаған ортамен жылу алмасуы болмайтын жағдайда өтетiн жүйедегi изопроцесс адиабаталық процесс деп аталады.

Адиабаталық процесс кезiнде жылу алмасу болмайды. Сонда жүйенiң iшкi энергиясы тек қана онымен жасалған жұмыстың есебiнен өзгередi.


Адиабаталық процесс кезiндеQ = 0 және жүйенiң iшкi энергиясының өзгеруi жұмыс атқару арқылы ғана жүредi: ΔU= А. ΔU= А теңдiгi белгiлi қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi. Егер жүйеде оң жұмыс жасалса, мысалы газ сығылатын болса, онда оның iшкi энергиясы ұлғаяды және температурасы өседi. Керiсiнше, газ ұлғайған кезде, ол өзi оң жұмыс атқарады (Аұ> 0). Оның iшкi энергиясы азаяды да, газ суиды.
Егер цилиндр түбiне эфирге батырылған мақтаны салып, дереу поршендi қозғалтсақ, онда мақтадағы эфир буы жалындайды. Бұл эффект Дизель двигателiнiң жұмыс iстеу принципiнiң негiзiне алынған.
Бұл жерде цилиндрге жанармай қоспасы емес, кәдiмгi атмосфералық ауа сорылады. Сығылу тактының соңында арнайы форсунка арқылы сұйық отын - солярка шашыратылады. Осы сәтте сығылған ауа температурасының жоғарлағаны сондай, тiптен жанармай тұтанады

Күн көзiнiң әсерiнен жылыған ауа, жоғары көтерiледi де, биiктiкке көтерiлген сайын қысымның азаюына байланысты тез арада ұлғайып-таралады. Бұл ауаның ұлғайып-таралуы оның салқындауына әкелiп соғады. Осының нәтижесiнде су булары конденсацияланады да, бұлттар пайда болады (1 - сурет).
Әр түрлі табиғат құбылыстарын зерттеудің термодинамикалық тәсілінің ерекшелігі сонда, нақты бір процесті қарастыру барысында алдымен ондағы энергияның айналуының қандай екендігі анықталады. Осыған байланысты термодинамикадағы жұмыс та жүйенің ішкі энергиясын өзгерту тәсілі ретінде, сонымен бірге энергияның бір түрден екінші түрге айналуының өлгемі ретінде қарастырылады.
Термодинамиканың бірінші заңы ішкі энергияның өзгеруі қандай себептерге байланысты екенін көрсетеді.
Термодинамиканың бірінші заңының формуласы: ∆U=A+Q (мұнда ∆U – жүйенің ішкі энергиясының өзгеруі, A – сыртқы күштер жұмысы, Q – жүйеге берілген жылу мөлшері) тура термодинамикалық процесс нәтижесіндегі жүйенің ішкі энергиясының өзгеруін көрсетеді. Сондықтан да, термодинамикалық процесс кезінде энергияның сақталуы туралы айтқанда, оқушыларға осы процеске қамтылған барлық денелердің энергиясы туралы болып отырғандығын түсіндіремін.

Жаңа тақырып бойынша сұрақ қою, Ауызша сұрақ жауап КІМ ЖЫЛЖДАМ??? (2тапсырма)


1-топ

  1. Термодинамика дегеніміз не?

  2. Дальтон заңы

  3. Заттың салыстырмалы молекулалақ массасы дегеніміз не?

  4. Идеал газ күйінің теңдеуі

  5. Бойль-Мариотт заңы

  6. Универсал газ тұрақтысы

2-топ

  1. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

  2. Термодинамикалық параметрлер дегеніміз не?

  3. Зат мөлшері дегеніміз не?

  4. Больцман тұрақтысы

  5. Шарль заңы

  6. Вандер-Ваальс теңдеуі

3-топ


  1. Гей-Люссак Заңы

  2. Термодинамикалық процесс дегеніміз не?

  3. МКТ теңдеуі

  4. Мольдік масса дегеніміз не?

  5. Авогадро тұрақтысы

  6. МКТ-ң негізгі қағидасы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет