Сабақтың тақырыбы: Ж. Тұрлыбаев «Райымбек бастауы»



Дата25.08.2017
өлшемі57,97 Kb.
#27393
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ж. Тұрлыбаев «Райымбек бастауы»

Мақсаттары:

1. Білімділік: әңгіменің мазмұнын ашу, идеясын ашу.

2. Дамытушылық: оқушыларды мәтінді түсініп оқи білуге, талдауға, ойларын ашық айта білуге баулу. Ой - өрісін кеңейту, тілдік қорын жетілдіру. Райымбек батыр туралы мәлімет беріп, жеке тұлғаға деген қызығушылығын арттыру.

3. Тәрбиелік: Ұлттық сезімдерін ояту, батырлыққа, тапқырлыққа, еңбек ете білуге, ақылменен жұмыс істеуге, шыдамдылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Көрнекілік: Райымбек батырдың суреті

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу оқушылардың назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

- Үйге қандай тапсырмалар берілді?

- Бұқар жыраудың «Хан Абылай атандық» «Бөгенбай», «Қабанбай», «Наурызбай» өлеңдерін оқыту.

ІІІ. Жан-жақты пысықтау

- Қандай қазақтың батырларын білесің?

- Бұқар жырау батырларды неге теңейді?

- «Еңкеріс», «бейқұтшылық», «көбем», «берен», «ерен» сөздерін қалай түсінесің?

- Батырлардың ерлігін, батырлығын айтып беріңдер?

- Бұқар жырау кім?

- Бұқар жырау кім туралы жырлайды?

- Абылай кім?

- Абылайдың шын аты кім?

- Абылай неліктен сабалақ атанған?

- Абылай елді қалай басқарыпты?

- «Үш жүздің басын құрадық» дегенді қалай түсіндің?

Жаңа сабақ.

- Ал, енді балалар біз «Өнегелі өмір» атты тарауды бастадық. Енді осы тарауды ары қарай жалғастырамыз. Ендеше, қазір біз балалар ойын ойнайық әрі сергіп алайық. Тақтадағы ойынға көз жүгіртейік. Мына сандарды ретіне қарай орналастырсақ, сабақтың тақырыбы шығады: Жолдасбай Тұрлыбаевтың « Райымбек бастауы» әңгімесі.

Тұрлыбаевтың өмірі.

Қазақтың жазушысы Ж. Тұрлыбаев Алматы облысы, Кеген ауданының, Жалаңаш ауылында туған. Алматыда Жамбыл ауданында «Тарғап» мектебінде директор болды. Балаларға арналған «Алтын тамыр» атты пьеса республикалық қуыршақ театрында қойылып жүр.



Шығармалары: Ерке серке, балапандар, аңшының әңгімесі. Баламерген. Райымбек батыр. Бүгін біз Тұрлыбаевтың «Райымбек батыр» әңгімесін өтеміз.

Қосымша мәлімет.

Ал енді осы Райымбек кім екенін білуге асығып отырған шығарсыңдар. Міне, қазір сендерге Райымбектің кім екенін айтып беремін. Зейін салып, тыңдап отырыңдар.

Райымбек батыр.

Райымбек Түкеұлы Алматы облысында туған. Ол-батыр, қолбасшы болған. Райымбек батыр ұлы жүз ішінде Албан атадан, Алжан руынан тарайды. Оның үлкен атасы Сырымбет одан Хангелді батыр. Хангелдінің баласы Түкен. Ал Түкеннің баласы Райымбек олардың ұрпағы бүкіл қазақ еліне тараған. Райымбек 17 жасында Жоңғар басқыншыларына қарсы күресіп, батыр атанды. Ол Алматы алқабында, Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірген. Райымбек есімімен аталатын жер су аттары бар.

Торайғыр тауындағы, Айырлы асуының маңында «Райымбек бастауы» бар. Алматы облысы, Нарынкөл, Кеген ауданында батырға ескерткіш орнатылған.

Оқулық пен жұмыс.

Мұғалім мәтінді оқиды. Оқушыларға түсінбеген сөздерін түсіндіру. Оқушыларға оқыту.



Сөздік жұмысын жүргізу.

Дәптермен жұмыс.

Бастау – бұлақ өзен сулардың басталатын әсері.

Сүңгі – найза

Оқырану – жылқы малының еміренгенде небір нәрсені сезгенде дыбыс білдіруі, осқыруы.

Түйгіштеу – соққылау, тоқпақтау.

Шалдыр – жөн – жөнекей атты тоқтату.

Шаншу – бір нәрсені үшкір затпен түйреу.

Мәтін бойынша сұрақ.

  1. Райымбек сарбаздары неге тап болды.

  2. Райымбек артқа шегінді ме?

  3. Көкойнақ қандай жерде кідірді?

  4. Райымбектің аты сезгіш пе?

  5. Ат қадалған жердің шөбі қандай?

  6. Райымбек қалай су шығарды?

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып алайық

Шығармашылық жұмыс.

Мына сөздерге сөйлем құрастыр.



Сарбаздар, ат, жау, найза, қылыш, сүңгі, қылыштасты,найзаласты, жеңді, жеңілді!

Қорытынды: Сөз жұмбақ шешу.






С

А

Р

Б

А

З










А

Т







Н

А

Й

З

А




Б

А

Т

Ы

Р







М

Ө

Л

Д

І

Р




Б

А

С

Т

А

У




Е

К

І




К

Ө

К

О

Й

Н

А

Қ



  1. Алғашқы күні кімдер сусыздай бастады.

  2. Райымбек серігі?

  3. Райымбек нені қайта-қайта жерге шаншыды?

  4. Райымбек кім?

  5. Жер астынан қандай су шықты?

  6. Өзен сулардың басталатын жері?

  7. Сарбаздардың судан тарықанына неше күн болды?

  8. Райымбек мінген атының аты?

Пысықтау сұрағы.

  1. Райымбек кім?

  2. Райымбек неше жасында жоңғар басқыншылығына қарсы күресті.

  3. Неліктен Райымбек бастауы дейді?

Жаңа сабақты бекіту.

Сонымен балалар біз бүгін не өттік? Кіммен таныстық? Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады.



Бағалау.

Үй – тапсырма.

Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту. 145 – 146 бет.
Каталог: uploads -> doc -> 057c
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
057c -> Сабақтың тақырыбы Етістік 1 6 жаттығу Сілтеме
057c -> Сабақтың тақырыбы: Қалалық сәулет өнері. І. Сабақтың мақсаты
057c -> Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшесі. Бастауыш. Адам болам десеңіз Сабақтың мақсаты
057c -> Сабақ Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет