Білім беру саласы: «Шығармашылық»



бет1/9
Дата11.05.2020
өлшемі358,45 Kb.
#67041
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
шырша тех карта
шырша тех карта, шырша тех карта

18.12.2019 Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Аппликация

Тақырыбы: «Шыршаны безендіру»
Мақсаты: жаңа жылдық шыршаның бейнесін геометриялық фигуралардан құрастырып, безендіруге үйрету. Бейнені қабылдауын дамыту, түстер мен ырғақты сезіне білуге баулу. Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек ете білуге тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: түрлі түсті пішіндегі үшбұрыштар, шыршалар, түрлі – түсті қағаз, қайшы, желім, безендірілген шырша суреті.
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
- Алақанды ашайық,
- күн нұрын салайық,
- жүрек жылуын салайық,
- жиналған жылу шуақтарды,
- қонақтарға шашайық.
Балалар шеңберге тұрып мазмұнына қарай қимылдайды..
Сендер жаңа жыл мерекесін жақсы көресіңдер ме?
- Ал жаңа жыл мерекесінде не міндетті түрде болу керек?
- Шыршаны қайдан алуға болады?
- Сендерге ана мен бала туралы бір әңгіме айтып берейін бе?
- шырша
- иә
- шырша
- базардан
- иә
Балаларға анасы мен баласынын базарға барып қалай шыршаны таңдағаны жайында әңгімелеп беру.
- Қандай шыршалар бар екен?
Олар қандай шырша алмақшы?
- Кім үлкен шыршаны көрсетті?
- Сонда нешінші шыршаны сатып алды?
- Мына қолымдағы не?
Қандай фигураларды білесіңдер?
Біз осы фигуралардан шыршаны құрастырып жабыстыруымыз керек. Ол үшін қандай фигураны аламыз?
- Ең бірінші қайысын қоямыз?
Балалар шыршаны жабыстыруға кіріседі. Қауіпсіздік ережесін естеріне түсіру.
Сергіту сәті:
Қар үстінде қар, қар,
Шырша үсті қар, қар,
Ағаш түбінде ақ аю,
Ұйықтап қапты.
Тыныш, тыныш балақай.
Шуламаймыз біз бұлай!

Біраз серігіп алсақ жабыстыруды жалғастырайық.
Бойларын сергітіп алады.
- Шыршаны безендіруге кіріседі.
Жасаған жұмыстарын талдайды, фотаға түсіреді.
Рефлексивті корригиялық
Ойын «көжектер».
Тілдік жаттығу.
У - у - у - мөлдір су.
Ша – ша - шырша
Ұз - ұз - ұз - көкше мұз.
Жылулық шеңбер.
- Біз сендермен нені безендірдік?
- оның түсі қандай?
- Қандай мереке онсыз өтпейді?
- Балалар, сендерге Бауыржан жауап жазып жіберіпті. «Балалар, сендерге көп рахмет! Сендер жіберген суреттер өте әдемі екен. Осы суреттер арқылы мен шыршамды безендіріп алдым.» Суретін көрсету.
Балалар қуанып қалады.
Жұмыс орындарын жинастырады.
Болжамды нәтиже:
Білу керек: шырша жаңа жыл мерекесінің символы, және оны қалай дұрыс безендіру керектігін
Қалыптасқан әдет: сұрақтарға толық, анық жауап беруі қалыптасқан.
Істей біледі: ұжыммен жұмыс істей алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет