Дамытушылық: Зейін, есте сақтау қабілеті, қабылдау, шығармашылық қабілет, ой-қиялы мен жан-жақты ойлау қабілеті сынды танымдық процестерді дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру. Жеке жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, практикалық.
Қажетті көрнекіліктер: интерактивті тақта, буратино, тиіннің суреті, қасқырдың суреті, қоянның суреті, мысықтың суреті, геометриялық пішіндер, дидактикалык карточкалар (әр балаға).
Билингвалдық компонент: биік – высокий – tall, аласа – низкий – low, қалың – толстый – thick, жұқа – тонкий – thin, кілт – ключ – key.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Тәрбиеші: - Балалар, қараңдар, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен қонақтармен сәлемдесіп алайық. (Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады.)
Бәріміз енді тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Жақсы – жақсы сөздерді,
Қонақтарға сыйлайық!
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар? (Балалардың жауаптары)
Тәрбиеші: - Қане, балалар, жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайық:
Аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарқын болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Ауырмайық , денсаулық болсын!
Нанымыз көп болсын!
Ата-анамыз аман болсын!
Бейбітшілік болсын!
Балабақша гүлдене берсін!
.Буратино: Балалар, мен алтын кілтімді жоғалтып алдым, кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлеміне» қалай барсам екен, баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме? (Балалардың жауаптары.)
Тәрбиеші: - Олай болса балалар Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне» біз де саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба?
- Балалар, саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір-бірімізді сыйлап, тыңдауымыз керек. Балалар, қане, енді паровозға мініп, жолға шығайық.
Тәрбиеші: - Балалар, міне, біз 1-ші аялдамаға да келіп қалыппыз.
Достарыңызбен бөлісу: |