Сабақтың тақырыбы: Жаңа жылдық костюмдер әзірлейміз. Сабақтың мақсаты



Дата17.04.2017
өлшемі105,52 Kb.
#14113
түріСабақ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Приморье селосы

Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Байдаева Алтынай Асылбекқызы
Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жылдық костюмдер әзірлейміз.
Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды жаңа жылдық костюмдерін

дайындау өнерімен, киім үлгілерімен

таныстыру, білімділігін арттыру.

ә) Дамытушылық: Сабаққа қызығушылығын арттыратын әдіс-

тәсілдер, ойын, т.б. пайдалана отырып

оқушылардың ой-өрісін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Шапшаңдыққа, дұрыс ойлауға, тез шешімге

келуге, уақытты тиімді пайдалануға,

сауаттылыққа тәрбиелеу.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Дидактикалық көрнекілік құралдар, көркем суретті альбомдар, фотолар және тағы басқалар.
Сабақтың өту барысы:

І. Қызығушылықты ояту:

1. Сабаққа даярлық.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІ. Мағынаны тану:

1. Тақырыптық түсінік беру.

Шырша мен мерекелік костюмсіз Жаңа жылды елестету мүмкін емес. Ал сен жаңа жылдық костюмді өзің ойлап тапқың келмей ме? Адамның қимыл-қозғалысын бейнелеген сабақтарды есіңе түсіріп көрші. Костюм дайындау барысында кейіпкердің әсерлі бейнесін көрсетуге тырыс. Костюм дайындаған кезде бас киімі, аяқ киімі, киім түсі кейіпкердің мінез-құлқын айқындауы керектігін есте сақта.



Төмендегі кейіпкерлердің костюміне қандай түстер жарасатынын ойлан: Тазша бала, Клоун, Бақыт кұсы, Мақтақыз, Қаңбақ шал, Жұлдызшы, Мыстан кемпір.

Жануарлар костюмін дайындау аса қызықты жұмыс. Әтеш, құрбақа, маймылдың суретін салу басқа да, осы жануарларға адамды ұқсату үшін дәл осылай киіндіру тағы бар. Егер жануарлардың нақты көшірмесін жасасақ, костюм қызғылықты болып шықпайды. Демек бұл жануарлардың өзіндік ерекшеліктерін көрсетіп, пропорцияларын өзгертіп, әсерлі етіп жасау қажет.



Егер сен суреттегі жануарларды таныған болсаң, оларды ата. Оларды қандай ерекшеліктеріне қарап таныдың? Костюмдерінде қандай түстер пайдаланылған және неліктен?

Ертегілердің, қиял-ғажайып шығармалардың неғүрлым көп кейіпкерлерін есіңе түсір. Өзің мерекелік кешке қандай костюм кигің келеді? Қарлығаш, Қоян, Қаскыр, Ертөстік, Мыстан кемпір, Мақтақыз, Қаңбак шал, Тазша бала костюмдері несімен ерекшеленуі мүмкін? Айболит, Карабас Барабас, Буратино костюмдерінің қандай ерекшелігінсіз тану қиын болар еді?



Тапсырмаларды орындау.

Костюм нобайын жасамас бұрын ойлан...

... қай кейіпкердің костюмін жасағың келеді;

... кейіпкердің өзіне тән қасиеті мен костюмі туралы, сен оны әзілкеш, мұңды, жұмбақ не қиял-ғажайып кейіпкер етіп жасағың келе ме;

... костюмнің түстік гаммасы туралы. Ол қандай болады: жақын (жылы не суық) немесе қарама-қарсы түсті? Қанық немесе қанықпаған? Қандай түстер басым болады?

... сенің костюмің қандай заттардан тұрады? Костюм кейіпкердің мінез ерекшелігін көрсету керектігін ұмытпа;

... костюмнің әсерлі бөлшектері туралы. Олардың таңдап алынған кейіпкерге сәйкес келуі керектігін есте сақта.


ІІІ. Ой толғаныс:

1. Қорытындылау.


ІҮ. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет