Сабақтың тақырыбы: Жаһанданудың ұлттық- мәдени дамуға әсері. Оқу мақсаты



Дата23.05.2020
өлшемі17,64 Kb.
#70723
түріСабақ
Байланысты:
Жақсыгерей





Аты жөні

Жақсыгерей Наргиза

§65

Дүниежүзі тарихы

10-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Жаһанданудың ұлттық- мәдени дамуға әсері.

Оқу мақсаты:

10.4.3.5.Жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін талдау;

10.4.3.6.Болашақтағы адамның моральдық бейнесін анықтай отырып,адамзаттың рухани-адамгершілік дамуының ықтимал жолдарын болжау.



Сабақтың мақсаты:

Адамның моральдық бейнесін анықтай отырып, адамзаттың рухани-адамгершілік дамуының ықтимал жолдарын анықтайды.

Сабақтың барысы:

Қысқаша конспект.

Мәдени жаһандануға әлемнің әртүрлі елдерінің іскери және тұтынушылық мәдениетін жақындастыру мен халықаралық қарым-қатынасты өрістету тән. Бір жағынан бұл әлемдегі кейбір жеке ұлттық мәдениет түрлерін танымал етеді. Екінші жағынан әйгілі халықаралық мәдени құбылыстар ұлттықты ығыстырып немесе оларды ұлтаралыққа айналдыруы мүмкін. Көпшілік мұны ұлттық мәдени құндылықтарды жоғалту деп түсініп, ұлттық мәдениеттің жандануы үшін күреседі. Қазіргі заманғы кинофильмдер экранға әлемнің көптеген елдерінде бір мезгілде шығады, кітаптар аударылып, әртүрлі елдер оқырмандары арасында бір уақытта танымалдыққа ие болады. Мәдени жаһандану батыстық реформация, ағартушылық, қайта жаңғыру сынды құндылықтар негізінде туындай алады. Бұл құндылықтар әлемдегі бүгінгі дағдарыстық құбылыстарды туындатқан, немесе ол жаңа рухани революция жүзеге асырылатын жаңа құндылықтар жүйесіне әкелуі мүмкін, сол кезде ол жаңа құндылық жүйесінде жүзеге асырылады.

Сабақ барысында орындалатын тапсырма:
3 дәлел келтіреміз:

Балалар!Төмендегі берілген тапсырмаларды орындаңдар.

1.Тапсырма. ( § 65 168-171бет)

Жаһандану қала мәдениетінің дамуына әсер еткен үш дәлел келтіріңіз.

1.Жаһандануға қарсы қолзғалыстар тіпті екуропалық елдерде де көрініс табуда,өйткені америка оларға тек джинсы мен Мак Дональдсты ғана емес өздерінің өмір салтын,тұрмыс тіршілігін насихаттауда.

2.Соңғы жылдары исламфобияның артуынан Таяу Шығыстағы жергілікті соғыстан бас сауғалап Еуропаға қашқан босқындар легі артуда.

3.Батыстық либерал-демократиялық құндылықтардың шектен шыққан формаларын қабылдамау,оларды таратушыларға қарсылық реакциялық ұлтшылдыққа және діни фанатизм мен қарулы қақтығыстарға соқтырады.

Қорытынды ой:Жаһандану жағдайында бүкіләлемдік экономикалық саяси және мәдени интеграциялар мен унификайияларда,соңғы ондаған жылдарда қалыптасқан процесстер-өзге де маңызды мәселелерді туындатуда.Тұтастай алғанда батыстық құндылықтар әлемді өзгерту мен қайта қалыптастыруға бағытталады,ал шығыстық-әлем қандай болса,солай сақтау қажет деген ұғымға негізделген.




§65 оқу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет