1.Үй жануарларының қоректенетін қорегі не?
Шөп, су, жем. Оларға қамқор болуымыз керек.
2.Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Олардың пайдасы өте көп, үстіміздегі киім, ішіп - жеп отырған азығымыз, тағамымыз осының бәрі төрт түліктен алынады.
Қой - төрт - түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Аяғымызға киетін байпағымыз, киіз үй жабындылары, еденге төселетін киіздер бәрі де қойдың жүнінен жасалады.
Ешкінің түбіті, терісі, сүті, еті өте пайдалы, оның әсіресе терісі мықты болады.
Ертеректе ешкі терісінен сусын құятын (ыдыс жасалған, оны мес деп атаған
Сиырдың сүтінен жасалатын ұлттық тағамдар өте көп. Олар: құрт, ірімшік, май, қаймақ, айран, сүзбе, т. б. сиырдың еті де дәмді болады.
Жылқы мінсе көлік, сойса ет. Жылқыны көлік ретінде де пайдаланады. Оның еті өте дәмді қазы - қарта, жал - жая, қымыз адамға өте пайдалы, емдік қасиеті бар.
Түйенің сүті шұбат деп аталады. Шұбат әрі сусын, әрі тамақ, емдік қасиеті де бар. Түйеге ертеде жүк артып, көшіп - қонған кезде өте керек көлік ретінде пайдаланған. Өзге жануарлардан ерекшелігі шөлге, аштыққа төзімді.
3.Сергіту сәті .жұмбақтар шешу
Ең айлакер аң……..(түлкі)
Ең қорқақ…….(Қоян)
Балды жақсы көретін…….(аю)
Аң патшасы…….(арыстан)
Мысыққа ұқсайтын аң…….(жолбарыс)
Ең ұзын мойын…….(керік)
Қораға шабатын аң……..(қасқыр)
Ең ірі жануар……..(піл)
Үстінде тікенегі бар……….(кірпі)
Жұмбақтарды шешеді.
VІ.Оқулықпен жұмыс
1/Мәтінді 1 оқушы дауыстып оқып шығады
2/Мәтінді талдау
VІІ.Шығармашылық жұмыс
Әр топқа жеке тапсырма беріледі
1 топ Венн диаграмма
Өз бетінше далада
өмір сүреді
Екеуіде төлдейді,
Төлдерін емізіп сүтпен қоректендіреді
Адамның көмегімен
өмір сүреді
2 топ Тірек сызба
VІІІ.Бағалау Рефлексия
Сабақтың пайдасы аз болды, бірақ мен тұсіндім әңгіме не туралы екенің.Маған ол маңызды емес, үй тапсырмасын орындаған жоқпын, өйткені мен ол тақырыпты түсінген жоқпын.
Мен сабаққа дайын емеспін.
Сабақ қызықты болды, сол себебті мен сабаққа белсенді қатыстым. Сабақ мен үшін маңызды болды,ибірақ мен орынымнан жауап бердім.Мен сабақта біршама жұмыс істедім, мен сабақта өзімді жақсы сезіндім.
Сабақ мен үшін пайдалы болды, мен сабақта тиімді жұмыс істедім, мен көп нәрсені білдім. Сабақты түсіндім,
Мен өзімен лайықты бағамды алдым.
IX.Үйге тапсырма.
95-97 бет оқу.Жануарлар туралы мақал-мәтел жазып келу.
КЕЛІСЕМІН: БЕКІТЕМІН:
Мектеп директорының Мектеп директоры:
оқу – тәрбие жөніндегі
орынбасары
__________Г.К.Жұмаханова ________Г.М.Биюмбаева
«...» сәуір 2016 ж. «...» сәуір 2016 ж.
ДҮНИЕТАНУ.
Тақырыбы: «Жабайы және үй жануарлары»
2 «Ә» сыныбы
Нугуманова Шолпан Ботагазиновна
Өтетін орны: 3 кабинет
Күні: 19 сәуір 2016ж.
Уақыты: 09: 45
Шар қаласы.
2016 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |