Сабақтың тақырыбы: "Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу"
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: Оқушыларға жай бөлшек, үлес, алым, бөлім туралы түсініктер беру. Екі натурал санның бөліндісін жай бөлшек түрінде жаза білуге үйрету. Натурал санды жай бөлшек түрінде жаза білуге үйрету.
2)Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту. Оқушының ауызша сұрақтарға тез жауап беру қабілеттерін дамыту;
3)Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, сабырлыққа, әдептілікке және еңбекқорлыққа, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелесе отырып түсіндіру, есептер шығару , сұрақ –жауап.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: интерктивті тақта, таблицалар, дидактикалық материалдар, тест,
бағалау парағы, флипчарт, презентация
Сабақтың барысы:
-
Іс-әрекет түрлері
|
Уақыт
|
І. Сабақты ұйымдастыру.
|
2
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
|
3
|
ІІІ. « Қайталау оқу- анасы »
|
5
|
ІV. Жаңа материалмен таныстыру
|
10
|
V. Пысықтау есептері (оқулықпен жұмыс)
|
15
|
VI. Бекіту сұрақтары
|
3
|
VIIІ. Қорытындылау
|
5
|
VIIІ. Үй тапсырмасын беру. Түсіндіру бағалау.
|
2
|
Сабақтың барысы:
І кезең. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, журналға белгілеу,
ә) Оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеру,
б) Психологиялық ахуал тудыр, оқушылардың көңіл күйін тексеру.
Орташа жақсы өте жақсы
ІІ кезең. Үй тапсырмасын тексеру. (№ 337,338,341 деңгейлеп, 345 жекелей )
Үй тапсырмасын әр топтан араторлар тексеріп шығады, бағалау парағына жазып қояды.
-Балалар, біз «Натурал сандардың бөлінгіштігі» тарауын тәмамдадық, тақырыптар бойынша көптеген есептер шығардық, иә.
ІІІ кезең. « Қайталау оқу- анасы ». Ауызша сұрақ- жауап алу.
1. Натурал санның бөлгіші дегеніміз не?
2. Натурал санның еселігі дегеніміз не?
3. Натурал санның қандай бөлінгіштік белгілері бар?
4. Жай сан және құрама сан дегеніміз не?
5. Құрама санды жай көбейткішке жіктеу дегеніміз не?
6. ЕҮОБ және ЕКОЕ дегеніміз не?
ІV кезең. Жаңа материалмен таныстыру.
Тең бөліктер үлестер деп аталады.
2. Жай бөлшек
Әркімнің дәптер бетінен
Көреміз бөлшек сызығын
Үстіндегі алымы, білсеңіз
Астыдағы бөлімі
Бөлшекті біз әрқащан
Жай бөлшек деп атаймыз
3. Екі натурал санның бөліндісін бөлшек түрінде жазғанда, бөлшектің алымына бөлінгіш жазылып, бөліміне бөлгіш жазылады.
- алымы, - бөлімі, ортасындағы бөлшек сызығы.
Айым бөлшектің тарихы туралы мәлімет береді.
Қысқаша тарихи мәлімет беру :
Ерте кезде адамдар сауда-саттық кезінде үлестермен есептеу қажет болған. Алғашқыда бөлшек сандарды сынық сандар деп атады.
Алымы бірге тең жай бөлшектер аликвоттық бөлшектер деп аталады.( бірлік бөлшектер деп те аталады). Кез келген аликводтық бөлшек 1 – ден кіші болады.
Жүйеленгшен бөлшектер деп – алымы кез келген бүтін сан , бөлімі тек 10 саны немесе 60 саны ғана болатын сан.
Жалпы түрдегі бөлшек – алымы да бөлімі де кез келген сан болады.
Бөлшек сызығын – уал – Хассара және италияндық Леонардо Пизанский енгізді.
Достарыңызбен бөлісу: |