Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану. Сабақтың мақсаттары



бет35/35
Дата17.02.2017
өлшемі5,66 Mb.
#9502
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

Сабақты бекіту кезеңі:

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үй жұмысы: 2006ж. №1592

Сабақ жоспары

№163

Пән: математика



Сынып: 6 «в»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Пропорция ұғымын және оның негізгі қасиеттерін қайталау, есептер шығару.

Дамытушылық: Есеп шығару қабілеттерін дамыту. Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.

Сабақтың әдістері: Практикалық

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Қайталау:

Пропорция – екі қатынастың теңдігі.

a:b=c:d немесе a/b=c/d

a, d – пропорцияның шеткі мүшелері

b, c – пропорцияның ортаңғы мүшелері

1. a×d=b×c

2. a:b=x:d, x= a×d/b

3. x:b=c:d, x= b×c/d
ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1593, №1594, №1595, №1596
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1597 , №1598, №1599
Сабақты бекіту кезеңі:

  • Пропорция

  • Пропорцияның негізгі қасиеті

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үй жұмысы: 2006ж. № 1600 , №160191, №1602

Сабақ жоспары

№164

Пән: математика



Сынып: 6 «в»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандар.

Сабақтың мақсаттары:



  1. Білімділік: Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар жиыны.

  2. Дамытушылық: Есеп шығару қабілеттерін дамыту. Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ

Сабақтың әдістері: практикалық

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Қайталау:

Бүтін сандар жиыны, оң және теріс бөлшектер жиыны рационал сандар жиынын құрайды.


  • Координаталық түзуде үлкен сан оң жақта, ал кіші сан оның сол жағында кескінделеді..

  • Кез келген оң сан 0-ден үлкен

  • Кез келген теріс сан 0-ден кіші.

  • Кез келген оң сан, кез келген теріс саннан үлкен.

  • Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы

  • Таңбалары әр түрлі сандарды азайту. а-(-в)=а+в, -а-(+в)=-а-в

  • Таңбалары бірдей сандарды азайту. -а-(-в)=-а+в

  • Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы

  • Қосылғыштардың модульдерін қосу керек;

  • Шыққан санның алдына минус («-») таңбасын қою керек.

  • Мысалы: -8+(-11)=-19; -0,3+(-0,9)=-1,2

Екі теріс санның қосындысы – теріс сан.

  • Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі - теріс сан. a × (-b) = -a b

  • Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі – оң сан. -a × (-b) = a b

  • Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары әр түрлі болса, бөлінді теріс сан болады.

a ÷ (-b) = -с

  • Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары бірдей болса, бөлінді оң сан болады.

(-a) ÷ (-b) = с

ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:


Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1613, №1614, №1615

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1616, №1617
Сабақты бекіту кезеңі:

  • Рационал сандар

  • Рационал сандарға амалдар қолдану

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үй жұмысы: 2006ж. №1618, №1619, №1620

Сабақ жоспары

№165

Пән: математика



Сынып: 6 «в»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Жылдық бақылау жұмысы №11

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білім, біліктілік, дағдысын тексеру.

Дамытушылық: Алған білімдерін жинақтау және тексеру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру

Сабақтың түрі: бақылау жұмысы

Сабақтың әдістері:өзіндік жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар


Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатын нұсқау

ІІ Бақылау жұмысы:

А

І нұсқа


  1. Жақшаны ашып өрнекті ықшамдаңдар :

  1. (5а+2b)-(3a-b) ; 2) (x+y)-(x-y)-(y-x).

2.Теңсіздіктішешіңдер :4х-5,7<3,9+х.


А. х<3,2 ; В. х<2,5; С. х>1,6; Д. х>9


  1. у=3х+2 функциясының графигін салыңдар. Графикті пайдаланып, х=1; -2 мәніне у-тің қандай мәні сәйкес келетінін табыңдар.




  1. Ұшбұрыштың периметрі 24 см. Оның қабырғаларының ұзындықтарының қатынасы 5:4:3 қатынасындай. Ұшбұрыштың қабырғаларының әрқайсысының ұзындығын табыңдар.




  1. Теңдеулер жүйесін тиімді тәсілмен шешіңдер:




  1. (1;-4) B) (-2;3) C) (1;5) D) (0;9)




II нұсқа


  1. Жақшаны ашып, өрнкеті ықщамдаңдар:

1) (4m+n)-(3m-n) 2)(m-n)-(m+n)-(m-n)


  1. Теңсіздікті шешіңдер: 3x-6,4<9,2+x

A. x>5; B. X<2,5; C. X<7,8; D. X>3,6;




  1. y= 4x-3 функцясының графигін салыңдар.

Графикті пайдаланып, х=1; 3 мәніне y-тің қандай мәні сәйкес келетінін табыңдар.


  1. Үшбұрыштың периметрі 27 см. Оның қабырғаларының ұзындықтарының қатынасы 4:3:2 қатынасындай. Үшбұрыштың қабырғаларының әрқайсысының ұзындығын табыңдар.




  1. Теңдеулер жүйесін тиімді тәсілмен шешіңдер:

A. (-2; 3); B. (9; 0); C. (5; 1); D. (8; -3);




Сабақты қорытындылау: Оқушылардың дәптерлерін жинап алу

Сынып: 6

Күні:


Сабақтың реті: 166

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.
Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың 6 сынып бойынша алған білімдерін коррекциялау

Дамытушылық: 6 сынып бойынша алған жалпы теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдануын дағдыландыру

Тәрбиелік: Өзара сыйласу, бір-біріне дұрыс көмек беру, жанашырлық, уақытты ұтымды қолдана білу, іздену қасиеттерін бойында тереңдету.

Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы

Сабақтың әдістері:Практикалық

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Бақылау жұмысын талдау:
1.Оқушылардың сұрақтарына жауап беру

2.Бақылау жұмысында қиындық туғызған есептерді талдау

3.Қатемен жұмыс жасау
ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1606 , №1606, №1607
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1608 , №1609, №1610
Сабақты бекіту кезеңі:

  • Пропорция, рационал сандар



Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үй жұмысы: 2006ж. №1611

Сабақ жоспары

№167

Пән: математика



Сынып: 6 «в»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Алгебралық өрнек. Алгебралық өрнектің мәні. Алгебралық қосынды.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Алгебралық өрнек, алгебралық өрнектің мәні, алгебралық қосынды ұғымымен таныстыру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ

Сабақтың әдістері: практикалық

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатын нұсқау


ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

  • Үй тапсырмасының орындалуының барын тексеру, сұрақтарына жауап беру.

ІІІ Қайталау:



  • Алгебралық өрнектің жазылуында әріптер, сандар, арифметикалық амалдар таңбалары және жақшалар болуы мүмкін.

  • Әріптің берілген алгебралық өрнектің мағынасы болатын мәндерін әріптің қабылдайтын мәндері деп атайды.

  • Алгебралық қрнектегі әріпті айнымалы деп атаса, өрнектің өзін айнымалыцсы бар өрнек деп атайды.

  • Алгебралық өрнектегі әрбір әріптің орнына оның қабылдайтын мәнін қойып, көрсетлген амалдарды орындау нәтижесінде шығатын санды алгебралық өрнектің мәні деп атайды

ІV Дамыту кезеңі. Есептер шығару:


Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1622, №1623, №1624

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1625, №1626, №1627
Сабақты бекіту кезеңі:

- Қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады?

-Қандай сандарды алгебралық өрнектегі әріптің қабылдайтын мәндері деп атайды?

-Қандай алгебралық өрнектер алгебралық қосынды деп аталады?
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үй жұмысы: 2006ж. №1628, №1629, №1630


Сабақ жоспары

№168

Пән: математика



Сынып: 6 «в»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық теңдеу. Санды теңсіздіктер.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Санды теңсіздіктер

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ

Сабақтың әдістері: Практикалық

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:



а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Қайталау сабақ :

ах=в түріндегі теңдеу (мұндағы х айнымалы, а және в –қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.

Бір айнымалы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін :

-теңдеудің анықталу аймағы өзгермейтіндей етіп, оның бір жақ бөлігін немесе екі жақ бөлігін де теңбе –тең түрлендіріп ықшамдау керек;

-айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек;

-теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=в түріне келтіру керек;

-теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп, теңдеудің х=түбірін табу керек;

  • а мен в сандарын салыстырғанда а-в айырмасы оң сан болса,а>в болады .

  • а менв сандарын салыстырғанда а-в айырмасы теріс сан болса,а<в болады .

> және < белгілері қарама – қарсы теңсіздік белгілері деп, ал >және > немесе < және < белгілері бірдей теңсіздік белгілері деп аталады.

Егер теңсіздік < немесе > белгілерімен жазылса, қатаң теңісіздік, ал ≤ немесе ≥ белгілерімен жазылса, қатаң емесе теңсіздік деп ьаталады.
ІІІ Есептер шығару:
Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1632, №1633, №1634
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1635, №1636, №1637
Сабақты бекіту кезеңі:

Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?

Санды теңсіздік деген не?
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үй жұмысы: 2006ж. №1638, №1639, №1640

Сабақ жоспары

№169


Пән: математика

Сынып: 6 «ә»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Функция

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Функция туралы ұғым. Функцияның кестемен берілуі. Функцияның графикпен берілуі

Дамытушылық: Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ

Сабақтың әдістері: Практикалық сабақ

Сабақтың көрнекілігі:
Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Қайталау

Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функционалдық тәуелділік немесе функция деп атайды.

Тәуелсіз айнымалы аргумент деп аталады.

Тәуелді айнымалы - осы аргументтің функциясы немесе функция деп аталады.

Функционалдық тәуелділіктің жазылуының жалпы түрі: у═f(х), оқылуы «икстен эф», мұндағы х –аргумент, у – функция, ал f функцияның аргументке тәуелділігі бір ережеге сәйкес жазылғанын білдіреді.

Функцияның кестемен берілуі

Функцияның графикпен берілуі
ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1646, №1647, №1648
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1649, №1650, №1651
ІV. Сабақты бекіту кезеңі:


  • Функция дегеніміз не?

  • Аргумент деп қандай айнымалыны айтамыз?

  • f(3) ═9 жазылуындағы аргументтің, функцияның мәндерін атаңдар.

  • Функцияның анықталу аймағы деген не?

  • Функцияның мәндерінің аймағы деген не?

V. Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.


VІ. Үй жұмысы: 2006ж №1652, №1653

№170


Пән: математика

Сынып: 6 «ә»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері. Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелерін шешу тәсілдері

Дамытушылық: Теориялық білімдерін практикада оптимальды қолдана алуы

Тәрбиелік: Ұқыптылық, білімге талпыну, іздену, жұмыскерлік қабілеттерін тереңдету

Сабақтың көрнекіліктер: графиктер, формулалар жазылған кесінділер, карточкалар Сабақтың әдіс-тәсілдері: практикалық сабақ.
Сабақтың типі: Қайталау сабақ


 Сабақ барысы:


І . Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасының орындалуын тексеру



ІІІ.Қайталау

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің әрқайсысын тура теңдікке айналдыратын айнымалылардың мәндерінің жұбын сол теңдеулер жүйесінің шешімі деп атайды.


Теңдеулер жүйесін шешу дегеніміз-оның барлық шешімдерін табу немесе оның шешімдерінің болмайтынын дәлелдеу.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің графиктік, алмастыру, қосу тәсілдері бар.

ІІІ. Есептер шығару:

Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1654, №1655
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1657, №1658


Сабақты бекіту кезеңі:

  • Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі деп нені айтады?

  • Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер қиылысса, осы теңдеулер жүйесінің неше шешімі болады?

  • Сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешкенде, қандай жағдайда жүйенің шешімі болмайды? Шексіз көп шешімі қандай жағдайда болады?


Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үй жұмысы: 2006ж. Қайталау


Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет