Сабақтың тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз №1 сабақ Құндылық: Ақиқат



бет35/86
Дата04.01.2022
өлшемі174,34 Kb.
#109569
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86
Байланысты:
3сынып толық қмж

3. Дәйексөз.

«Алыстағы дұшпаннан,

Аңдып жүрген дос жаман»

  • Дұшпан деген кім?

  • «Аңдып жүрген дос» қандай мағыысықты ұстап алды. Екіншісі оның мнада? (күндес, қызғану)




4. Әңгімелесу

Адамдармен өзара қарым-қатынаста түсіністік болуы үшін сөзді ұға білу қажет. Мәтіндерді оқып сөз сырын ұғып алайық.



Жібі түзу

Балалар мысықты таспен ұрып қуалап жүрді. Біреуі мойнына жіп байлап, сүйремекші болады. Бәрін көріп тұрған Әлима әже балаларға ұрсып, мысықты босаттырды. Сосын бәріне:



  • Ітеріңде жібі түзу бала болсайшы, - деп кейіді.

«Жібі түзу» деп, дұрыс жүретін, тәртіпті, адамгершілігі бар адамды айтады
«Бас десе, құлақ дейді»

Марат сабақтан келсе, анасы үстелдің тартпасын ақтарып жатыр екен. Мұны көріп:



  • Ә, келдің бе? Анальгинді көрдің бе – деп сұрады.

  • Анальгин деген кім? Ондай адамды танымаймын, -деді.

Анасы: Балам-ау , бас десе құлақ дейтінің не. Анальгин адамның аты емес, ол – дәрі, - деп күліп жіберді.

... Жөнді сөзді ұқпайтын, түкке түсінбейтін, басқа жаққа лағып отыратын адамға айтылатын сөз.

Жүрек жұтқан

Бір топ бала мектептен қайтып келе жатқан, кенет биік үйдің артынан бір дәу ит арсылдап шыға келді. Балалар қаша жөнелді. Асан қалып қойды. Себебі, үйдің алдында тұрған кішкентай қыз иттен қорқып, шырылдап жылап қоя берген еді. Асан қабағын түйіп итке қарсы жүрді. «Кет!» - деп айқайлады. Гүр-гүр еткен ит кенет кілт тоқтады. Сосын бір-екі рет үрді де, бұрылып кетті.

Қызының даусын естіп далаға жүгіріп шыққан анасы мән-жайды бірден түсініп. Асанның басынан сипап:


  • Өзің жүрек жұтқан бала екенсің! – деп алғыс айтты.

.... Еш нәрседен қорқпайтын, батыл, ержүрек адамдарды «жүрек жұтқан» деп айтады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет