3-тапсырма: «Сәлемдесе білемін» сахналық көрініс.
«Сәлем – сөздің анасы» деп бекер айтылмаған. Адамның әрбір күні, әңгімесінің басы сәлемдесуден басталады. Сәлемдесу – ол басқа адамдарға өзіңнің достық пейіліңді, құрметіңді, тілектесті- ігіңді білдіру. Сәлемдескенде сөзді анық, сабырмен айту керек. Жылы шыраймен, ақжарқын амандасу адамның жақсы мінезді екенін көрсетеді.
Сәлемдесіп жүру, сәлемге жауап қайыру адамның жоғары мәдениеттілігін білдіреді.
|