Топпен ән айту
Атамекен Әні – Е.Хасанғалиев
Сөзі – Қ. Мырза Әли
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде, көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды,
Қазағымның алақаны деп білем!
Қайырмасы: Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде, көп аунаймын, көп күлем.
Асқар тауым аспаныммен таласқан
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде, көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін,
Қазағымның махаббаты деп білем.
|