Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев. «Алатау» өлеңі Сабақтың мақсаты



Дата21.07.2017
өлшемі48.52 Kb.
түріСабақ
Қазақ әдебиеті

6 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев. «Алатау» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Қазақ әдебиеті пәнінен жаңа білім, сөз қорларын пысықтау.Жамбыл Жабаевтың «Алатау» өлеңін тереңдете оқытып үйрету. Оқушыларға Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, мәлімет беру. «Алатау» деген өлеңнің мазмұнын, көркемдігін, құрылысын меңгерту, жан-жақты талдау,қазақша мәнерлеп оқу, оқушылардың ой-пікірін, жеке көзқарасын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Шәкірттердің ой-өрісін, тіл байлығын дамыту және сөйлеу,қазақ тілінде ойлау, сауатты жазу шеберліктерін арттыру. Өзінше ауызекі тілде ой түюге баулу, танымдық түсініктерін дамыту.

3.Тәрбиелік: гимназия оқушыларын адамгершілікке,адалдыққа,ұқыптты болуға тәрбиелеу.Оқушыларды Жамбыл Жабаевты сүюге, ардақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі, аралас, жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, оқыту,мәнерлеп оқу, әңгімелеу, АКТ элементтерін қолдану .

Сабақтың құралдары: Қазақ әдебиеті оқулығы, ақынның портреті, тірек сызба,қосымша материал, видеобейне, слайдтар ,техникалық ,тірек сызба ,компьютер, электрондық тақта.

Пәнаралық байланыс: география, тарих, қазақ тілі

Технологиялар: педагогика, сын тұрғысынан, компьютерлік, дамыта оқыту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Жоспар.

1.Сәлемдесу.

2. Оқушыларды сабаққа бейімдеу. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын айту.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

4. Жаңа сабақты пысықтау.

5.Сабақты бекіту.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру,пысықтау. Өткен сабақпен байланыс:

Балалар,өткен сабақта қай ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстық?



  1. - Ахмет Байтұрсынұлы кім?

  2. - Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық жолы?

  3. – «Аққу, шортан, һәм шаян» қандай істі қолға алады ?

  4. –Олар жүкті қалай тартты?

  5. –Неге жүк орнынан қозғалмады?

  6. –Мысалдан қандай ғибрат аламыз?

  7. –Мысал мазмұнын ашатын қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

Үй тапсырмасын бекіту:
Аққу

Шортан

Һәм шаян

түрі
Қандай?

ісі

IV. Жаңа сабақ: Кiрiспе әңгімесі:

-Балалар, бүгін сабақта жүз жасаған Жамбыл өмірі туралы әңгімелейміз. Жамбыл Жабаевтың «Алатау» деген өлеңімен танысамыз. Сабақтың мақсаты Жамбыл Жабаевтың «Алатау» өлеңінің мазмұнын жан-жақты талдау, мәнерлеп оқу, идеясын,тақырыбын ашып,жан-жақты талдау жүргізу. Жамбыл Жабаевтың өмірінен мәліметтермен танысамыз. ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл ата. Жамбыл кереметтей айтыс ақыны болды. Жамбыл Жабаев ұзақ қисса дастандарды жырлайды. Жамбыл Жабаев екі ғасырдың куәсі.

-Балалар, суретте кім бейнеленген? Ол туралы нені білесіңдер? (Оқушылардың жауаптарын қабылдағаннан кейін төменгідей тапсырмалар беріледі ).

2. Оқушылармен жұмыс түрлері. Айтылым. Сөздік жұмыс:


  • Жыр алыбы - гигант поэзии , Әлемнің түкпір-түкпірне– во все уголки мира

  • Күнкөріс қамын жеу – думать о хлебе , озбырлық – насилие

  • өркөкіректік – высокомерие , наразылық – недовольство

  • жоқшылық – бедность, өмірдің ауыр сабақтары– тяжелые уроки жизни

  • суырыпсалма ақын - поэт-импровизатор , мерейтой- юбилей

  • ерекше- особенный , шабыт-вдохновление

3. Оқулықпен жұмыс. Оқылым.

Жамбыл Жабаев (1846-1945)

Қазақ халқының дарынды ақыны, жыршы, жырау - Жамбыл Жабаев 1846 жылы 29 ақпанда Жамбыл облысы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Өзі өмір сүрген қоғамның жыршысына айналады.Жетісудың атақты ақыны Сүйінбай Жамбыл Жабаевқа ақ батасын берген. «Менің пірім-Сүйінбай, сөз сөйлемен сиынбай» деп айтқан.

ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбылдың туындыларында қазақ қоғамының қайшылықтары, халықтың әлеуметтік жағдайы суреттеледі. Жамбыл 10-11 жасында шығарған «Шағым» деген алғашқы өлеңінде шәкірттеріне білім беруден гөрі, өз құлқынын көбірек ойлайтын молдарлардың сиқын суреттейді.

Жамбылдың алғашқы өлеңдерінің бірі -«Жылқышы» өлеңі. Бұл өлеңде ақын әлеуметтік теңсіздік мәселесін қозғайды. Жамбылдың өлеңдері : «Кедей күйі», «Зілді бұйрық?», «Өмір жыры», «Тарас», «Отанды сүю», «Алатау», «Балаларға», «Ленинградтық өрендерім» және т.б

Жүз жасаған Жамбыл өмірінің соңында ел басына түскен ауыр қайғы –Ұлы Отан соғысын көреді. Өз балалары да соғысқа кетіп,қайтыс болады. Қазақстанда бір облыс, бірнеше аудан, көшелер, республикалық филармония ақын атымен аталады. Әсем қала Алматыда ақын атаға қойылған екі ескерткіш бар.

Оқулықпен жұмыс: Сұрақтар мен тапсырмалар.

Ал, шығармалық жұмыстармен танысуға бастайық.Оқулықтарынды ашыңдар берілген Жамбыл Жабаевтың «Алатау» деген өлеңнің мазмұны арқылы идеясын түсінейік. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған тірек сызбаны толықтырып, әңгімелеп беріңдер.



Сұрақтар

Алатаудың табиғаты қандай?



  1. Өлеңде Алатаудың табиғаты қалай суреттелген? (Өлең жолдарын оқу)

  2. Табиғат туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

  3. «Алатау» өлеңінің негізгі идеясы не ?

4.Лексикалық жаттығу. Айтылым. Дәптермен жұмыс:

- Балалар, Жамбыл Жабаевтың «Алатау» өлеңінің мазмұны арқылы синоним мен антоним сөздерін жазу.



  • Әлем =... есімі =... дүниеге келу = ... мәлім =... шындық= ...

  • Дүниеге келу- ... шындық-... белгілі- ... кедей-... жарық-...

Жауап: ( Әлем =өмір, дүниежүзілік, есімі =аты, дүниеге келу = туу, мәлім =танымал,

шындық= ақиқат, шын)

(Дүниеге келу қайтыс болу, шындық өтірік ,белгілі бейтаныс , кедей бай, жарық қараңғылық)

VІ . Сабақтың бекіту:

Бүгінгі сабақта келесi тапсырмалар арқылы сабақты бекiтемiн.



1. Жамбыл Жабаев тақырыбы бойынша арнайы сұрақтар қою.

  • Жамбыл Жабаев қай жылдарда өмір сүрген?

  • Жамбыл Жабаев қай жерде болған?

  • Оның қандай шығармалары бар?

  • Жамбыл Жабаевтың «Алатау» өлеңі мазмұнында не туралы айтылады?


2. Тірек сызба бойынша сабақты бекіту.

Балалардың айтқан жауаптарың сұрау,тексеру



VІІ. Үйге тапсырмасы:

  1. Жамбыл Жабаев туралы мәліметтер білу

  2. Жамбыл Жабаевтың «Алатау» деген өлең тақырыбына сурет салу.

VІІІ. Сабақтың қорытындысы:

1. Бағалау. 2. Мадақтау 3. Қорытын айту 4. Қоштасу.
Каталог: uploads -> doc -> 052a
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
052a -> Сабақтың тақырыбы Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс. Алыстау жылдамдығы Сілтеме
052a -> Сабақтың көрнекілігі: интер-тақта, слайдттар, кітаптар
052a -> Сабақ жоспары Пән мұғалімі Сарина С. И. Сыныбы 11 сабақ реті: күні
052a -> Дисциплина: Әдебиетті оқыту әдістемесі Квалификация


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет