Күні: 29.11
Сынып:7
Пәні:Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев. Аттандыру
Сабақтың мақсаты: Жамбыл Жабаев өмірінен алынған деректермен танысу
Білімділік: Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасуындағы өскен ортасының ұлттық салт – дәстүрдің әсерін түсінуге жағдай туғызу.
Дамытушылық: Оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу, ой- өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Ақынның өмірлік мақсаты мен табандылығын үлгі ету.
Үй тапсырмасы
Тірек сөздермен жұмыс. Жамбыл, аттандыру, Алғадай, арғымақ, абырой, ағат, бата.
Өткен тақырып бойынша сұрақтар:
1.Ж.Аймауытов кім ? /жазушы,драматург, қаз.әдебиетін қалыптастырушы,психолог,педагог/
2. Әмірқанның протатипі кім? /Әміре Қашаубаев/
3.Әнші әңгімесінің негізгі идеясы? /Әншілік өмірді жоғары бағалау/
4. Әмірқанның сүйген қызы кім? /Ақтамақ/
5.Ж.Аймауытов қай жылы дүниеге келген? /1889ж/
6.”Протатип” термині нені білдіреді? / Өмірде бар бастапқы, түпкі тұлға/
7.Ж. Аймауытовтың туған жері ?/Павл.облысы,Баянауыл ауданы, Қызылтау ауылында/
8. Шығарманың басты тақырыбы не? /Өнер, адамгершілік, достық,ізгілік, салт-дәстүр/
9. Әңгіме жанры дегеніміз не? /Қара сөзбен жазылған шағын көлемді көркем шығарма/
10. Жетішатыр қай қаланың көне атауы? /Семей/
11.Шығарманың негізгі идеясы не ? /Өнерді құрметтеуге үндеу
12. Алғадай Жамбылдың нешінші баласы?
13.Әміре Қашаубаев қай жылы дүниеге келген ? /1888ж/
14.Ә.Қашаубаевтың туған жері?/ШҚО,Абай ауданы/
15. Әңгіме оқиғасы қай жерде болған ? /Жетішатыр/
16.Ә.Қашаубаевтың әншілік өнерін жоғары бағалап, одан көптеген әндер жазып алған кім? /Затаевич/
17.Ж.Аймауытов неше жасында өмірден озды? /42 жасында/
18.Бес томдық шығармалар жинағы қай жылдары жарық көрді?/ 1996-199ж/
Қарама – қарсы сұрақтар:
1.Ж. Жабаев кім болған?/ Ұлы ақын, жырау, жыршы,әрі айтыс ақыны/
2. Ол қай жерде дүниеге келген?/ Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде /
3.Жамбыл қандай отбасында дүниеге келді?/Кедей отбасында/
4. Жамбылдың әкесінің аты кім?/Жапа/
5.Бала Жамбыл кімнен бата алған? /аты аңызға айналған Сүйінбай ақыннан/
6. Жамбыл қай жылы дүниеге келген? /1846 ж. 28 ақпанда/
7. Аттандыру өлеңі кімге арналған?
8. Жамбыл шығармаларының тақырыбы?/Отанға,халыққа деген сүйіспеншілік,ынтымақ,бірлік тақырыбы
9. Жамбылдың әкесі қандай адам болған? /Елге қадірлі адам болған/
10. Жамбыл мектепте оқып, білім алдыма?/жоқ,ауыл молдасынан хат таныды/
11. Молдадан алған сабағы туралы қай өлеңінде жазады?/шағым/
12. Алғадай Жамбылдың нешінші баласы?/тұңғышы/
13. Аттандыру өлеңінің тақырыбы не? / Баласы алғадайға тілегін білдіру/
14.Алғадайды 1942 ж қайда аттандырады?/екінші дүние жүзілік соғысқа/
15. Оған Жамбыл есімі не себепті қойылды? /Жамбыл тауының етегінде туғандықтан/
16.Жабылдың неше ұлы болған? 6
17.Аттандыру өлеңінде Әкесі баласына нені аманат етеді?/Қашанда абыройлы болып, атаның жақсы қасиетіне кір келтірмеуді/
18Ақын осы өлең арқылы нені қалайды? /Әке сөзін тыңдаған әрбір адамның да өз сөзінен сабақ алғанын қалайды/
Сын тұрғысынан сұрақтар:
1.Жамбыл Жабаев батыр болған-
2.Жамбыл Алатаудың етегінде дүниеге келді-
3.Шу өзені бойында екі тау бар+
4.Жапа Жамбылдың әкесі+
5. Ол шатырлы зәулім үйде өсті -
6.Жамбыл жазда дүниеге келген-
7.Жамбыл таудың етегінде туғандықтан Жамбыл есімі қойылған+
8.Бұл 1945 жылдың ақпан айы-
9.Жамбылдың әкесі ауқатты адам болған-
10.Тұрған жері құлазыған дала болған+
11. Жамбыл шығармаларының тақырыбы Отанға,халыққа деген сүйіспеншілік, ынтымақ, бірлік +
12.Жамбылдың 5 ұлы болған -
13.Алғадай үйдің кенжесі -
14.Алғадай әкесінің әмірімен соғысқа аттанған+
15 Сүйінбай оның дауысын, ақындық дарынын мақтады+
16.Аттандыру өлеңі Сүйінбайға арналған -
17.Ж.Ж 1846ж 22 маусымда қайтыс болды -
18. Жамбылдың әкесі елге қадірлі адам болған+
Достарыңызбен бөлісу: |