І топ Қожаның қай сәті бейнеленген?
“Төбемнен шатыр етіп, жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп, суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!”
(Орыс әдебиетінен А. Михайловна А.С.Пушкиннің “Қысқы кеш” өлеңін жатқа сұрағанда, сабаққа дайындықсыз келген Қожа қатты қысылады. Қорқып емес, өзі жақсы көретін мұғалімді ренжітіп алмас үшін…
Қожа — ұяты бар, ақылды, жақсы көретін адамын ренжіткісі келмейді.)
ІІ топ Қожаның қай сәті бейнеленген?
“Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегім тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін…”
(Майқанованың сумкасына бақа салып жіберіп, ол шошынып ауырып қалып, екі күн жұмысқа шықпай қалып, мектеп бір шулады. Бүкіл мектепті даңғаза қылған бала уақиғасы мектепке анасын келтіртеді. Қожаның анасына кездесер сәті.
Қожа – аңқау, балалықтан шалалығы басым. Орынсыз істе өкіне алады. Еркелігі басым бала.)
ІІІ топ “ Қожаның қай сәті бейнеленген?”
“Кешкі астан кейін төр үйге кіріп, шамды жақтым да, сырттан ештеңе көрінбестей етіп. Терезе перделерін түсірдім. Бұрышта кісі бойы айна тұр…”
(Бұл Қожаның “құпия кеңес” өткізетін бөлмесі. Кеңесті бір сағаттай өткізді. Ақыры мына тұжырымға келді.
1. Тәртіпсіздік кісіні жексұрын етеді, әрі адам келешегі үшін зиян
2. Әр тәртіпсіздік қылығы үшін жазалану керек.
3. Жаман адаммен дос болмау керек.
4. Сабақты жақсы оқу.
5. Осылардың бәрін мүлтіксіз орындау.
(Қожа – алдына міндет қойып, сол жолда мақсатына жетуге тырысады. Ерік, жігері бар.)
|