Дүниетану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер
Барысы:
Сабақтың мақсаты:
Дамытушылығы: Оқушыларды жануарлар әлемінің алуан түрлерімен таныстыру, олардың қандай топқа жататындығын анықтай білуге үйрету.
Білімділігі: Оқушылардың алған білімдері бойынша түйін сөзді таба білуге, тұжырым, қорытынды шығара білу қабілетін арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғаттың жанашыры болып табиғатты қорғауға өз үлесін қосуына тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: СТО әдістері.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: электронды оқулық, суреттер, плакаттар, тест жинақтары
І. Ұйымдастыру жұмысы.
Сабаққа әзірлік. Психологиялық дайындық
Табиғат алтын мекен,
Өсімдік пен жануар, Адамға да.
Бір – бірінсіз тіршілік жоқ,
Оны байқа!
Адамдар мейірімді бол,
Қорғауға ал,
Тілі жоқ өсімдік пен жануарды!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж» тақырыбы бойынша түсінгендері сұралады.
Үй тапсырмасын тест арқылы бекіту.
1. Біздің елімізде өсімдіктің:
а) 6000 түрі
ә) 40 түрі
б) 25000 түрі
в) 600 түрі
2. Әр өсімдікке:
а) ұзын тамыр
ә) құрлық және ыстық климат
б) ылғалды топырақ
в) белгілі орта қажет
3. Өсімдік топтары деп:
а) жылу мен ылғалдың таралуын;
ә) топталып өсуге қажетті қолайлы жағдай;
б) 140 - қа жуық өсімдік түрі;
в) жарық, құнарлы топырақ, қоңыржай жылы ауа.
4. Мәдени өсімдіктер:
а) адамның қатынасынсыз өсе алмайды;
ә) өздігінен өседі;
б) сырт көмекті қажет етпейді;
в) өсу тіршілігін тоқтатады.
5. Сирек және құрып кетер қаупі бар өсімдіктер:
а) конституцияға;
ә) тіл жөніндегі заңға;
б) «Дүниетану» оқулығына;
в) Қызыл кітапқа енген.
IV. Қызығушылығын ояту. Ой қозғау:
Сөзжұмбақ шешу
1. Қандай жануар кісінейді?
2. Аң патшасы
3. Ең қорқақ жануар
4. Сиырдың төлі
5. Балды жақсы көретін жануар
6. Төрт түліктің бірі
V. Жаңа мағынаны таныту. Электрондық оқулықпен жұмыс.
Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 млн-дай түрі белгілі болды. “Жануар” сөзі парсының “джан-джанвар” деген сөздің екінші бөлігінен алынған. “Джан-джанвар” қазақша жануарлар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқытып сұрақ - жауап арқылы талдау жасау.
Жануарлар мынадай топқа бөлінеді:
Жануарлар
↓
Жәндіктер
Балықтар
Қосмекенділер
Бауырмен жорғаушылар
Құстар
Омыртқсыз жануарлар
Сүтқоректілер
Жәндіктер
Өрмекшілер
Ұлулар
Жануарлар тіршілігіне қарай
Өсімдікқоректі
Жыртқыштар
Жәндікқоректілер
Ғаламшарда саны жағынан көп таралған буынаяқтылар тобы
Жәндіктер (Бунақденелілер деп аталады)
Мұхиттарда
Топырақта
Су қоймаларында
Шөлді аймақтарда
Ыстық құмдарда
Ауру таратушылар
Жыртқыш жәндік
4500 түрі бар, азығы маса мен шіркей.
Жәндіктер – буынаяқтылар типіне жататын омыртқасыз жануарлар класы. Жер шарында кең тараған 1 миллиондай түрі анықталған. Әр жәндіктің өзіндік ерекшеліктері бар. Алып күш - адамға ғана тән емес. Кішкентай ғана жәндіктің де адам таңданарлық күші мен қуаты болуы мүмкін. Назарларыңызға жәндіктер туралы сіз бен біз біле бермейтін қызықты деректерді ұсынғалы отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: |