Бағалау. Қазір топтар бір-бірін бағалайды
Үй тапсырмасы: «Аққу –киелі құс» тақырыбына шағын эссе, сюжетті сурет салу
Рефлексия:аққудың суретіне сабақтан алған әсерлерін жазып, тақтадағы көлдің суретіне жапсырады.
Сасықкүзен тәулігіне 20 сағат бойы ұйықтайды.
Француздықтар көгершіндерді «жарғанат» деп атайды.
. Сарган балығының сүйектері жасыл екен.
Керіктің тілі қара түсті болады. Ал ені 45 см-ге дейін болуы әбден мүмкін.
Антарктидадағы тіршілік ететін балықтардың қан температурасы -1,7 Цельсий градусқа дейін төмен болуы мүмкін.
Киттің жүрегі минутына 9 рет қана соғады.
Әлемдік гиннес рекордтар кітабында тауықтың ең ұзақ уақыт бойы ұшу уақыты 13 секундты құраған еке
1850 жылы Еуропадан Америкаға алғаш рет торғайларды апарғанда, американдықтардың қуанғаны соншама аталмыш құстарды «өлгенше» азықтандырыпты.
Колибр құсы мүлдем жүре алмайды.
Қолтырауындар судың астына жүзу үшін тасты жұтады.
Биология үйірме 14.12.2016 жыл 7 «а,б» сыныптар
Тақырыбы: Ең,ең,ең қызықты мәліметтер
Мақсаты:
Білімділік. Қызықты мәліметтер арқылы оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін жүйелеп, өз бетінше тұжырымдауға дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық. Заңдылықтарды өзара салыстыра отырып ажырату, ойын жылдам жеткізуге, еске сақтау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілік. Әр оқушы өз пікірін тиянақты, сауатты жеткізуге жаттығу, оқушылардың білімге қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру.
Сабақ түрі: сыныптан тыс жұмыс
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, жануарлардың суреті.
Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Биологияға қызығушылар
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар
Біз бүгін биологиялық қызықты мәліметтермен таныс боламыз. Жер бетіндегі өз ерекшеліктерімен белгілі жануарлармен таныс боласыңдар.
Сонымен сабағымызды бастайық! Біздің қызықты мәліметтеріміз « ЕҢ ЕҢ ЕҢ» деп аталады.
Ең алып кесіртке – Варан
Бұл алып кесірткені ғалымдар 1912 жылы Индонезияның Малай топ аралдарына жататын Комодо аралынан тапты. Оның денесінің ұзындығы 3 - 4м, салмағы 150 - 250 кг жетеді. Ол жақсы жетілген құйрығының көмегімен жабайы бұғы, шошқаларды соғып өлтіре алады. Саны сирек болғандықтан МСОП – тың Қызыл кітабына тіркелген.
Ең алып қосмекенді – Саламандра
Саламандра – құйрықты қосмекенділер ішінде жер бетінде көбірек тараған. Дене тұрқы 25 - 28см, аяқтары қысқа, алдыңғы аяғында 4, артқы аяғында 5 саусақ. Реңі ашық сары дақтары бар жылтыр – қара түсті. Күндіз ормандағы мүктердің арасында тығылады. Қорегіне түнде шығады. Қорегі шұбалшаң, жалаңаш шырыш. Суда да, құрлықта да көбейеді.
Ең алып жылан – Анаконда
Анаконда айдаһарлар тұқымдасына жататын, дене тұрқы 10м асатын ең алып усыз жылан. Анаконданың үш түрі бар. Олардың бәрі де торпиктік Оңтүстік Америкада мекендейді. Су тарыла бастаған кезде су түбіндегі балшыққа батып шала жансар күйге көшеді де, келесі жаңбыр жауғанға дейін жата береді. Орташа ұзындығы 5 - 6м. Түрлеріне қарай тірі туатындар мен жұмыртқа салатындар да кездеседі.
Ең ірі жылан – Питон
Питондар тұқымдас тармағының 22 түрі бар. Питонды кейбір елдерде қолға асырап, кемірушілерді жою үшін, және тағам ретінде пайдаланады. Питондар өте ірі усыз жылан. Дене тұрқы 3 - 10м - ге жетеді. Бұлар көбіне өзен жағалары мен қалың орманда кездеседі. Питондар адамға тиіспейді. Өзін қорғау үшін жауын сезгенде дөңгеленіп, иіріліп қимылдамай қалады.
Ең алып қолқанатты - Ұшқыш түлкі
Ең алып жыртқыш – Ақ аю
Ең алып жануар – Піл
Африка пілінің салмағы – 705 тонна, бойының биіктігі 4м. Сахара шөлінің оңтүстігіндегі кең байтақ аймақтарында мекендейді. Африка пілінің күрек тістері аталық пілде де, аналық пілде де болады. Піл сүйегіне қызығып ертеректе көп аулап Солтүстік Африкада мекендейтін пілдер қазір жойылып кеткен. Бұл піл түрін сақтап қалу үшін хайуанаттар бағында ұстап қамқорлық жасау шаралары қолға алынған.
Ең алып құс – Страус
Қазіргі кездегі тіршілік ететін барлық құстардың ішіндегі ең ірісі - африкалық түйеқұс страус. Биіктігі 270см, салмағы 50 - 90кг. Төс сүйегі жалпақ, қыры болмайды. Аяқтары ұзын, жуан, екі саусақты болады. Қанаттары ұшуға жарамағанымен түйеқұс қатты жүгіргенде кілт бұрылу үшін руль қызметін атқарады. Дүние жүзінің көптеген елдері Африка түйеқұсын дәмді еті, бағалы жұмыртқасы, сәнді қауырсыны үшін өсіреді
Ең ірі бақа – Голиаф
Дүние жүзіндегі ең ірі бақа – голиаф деп аталады. Оның аяғын созғандағы денесінің ұзындығы жарты метрден асады. Ал, салмағы 3, 5кг. Голиаф бақасы Африкадағы Камерун мемлекетінің таулы алқабындағы сарқырамасы бар өзендерінің шағын аумағында ғана кездеседі.
Ең кішкентай құс – Колибри
Колибри – жер бетіндегі ең кішкентай құстар. Олардың салмағы дене тұрқына қарай 1, 6 - 1, 8 - 2 - 6гр. Тұмсықтары жіңішке әрі ұзын. Қанаттары онша ұзын емес, құйрық қауырсындары қысқа. Колибридің аяқтары 4 саусақты әлсіз болғандықтан, жерде жүре алмайды. Қауырсын қанаттары түрлі - түсті, жарыққа құбылып тұрады. Өзі кішкене болғанымен жүрегінің көлемі қарыннан үш есе үлкен. Жүрегі минутына 1000 рет соғады.
Ең суыққа төзімді құс – Пингвин
Пингвиндер – ұшпайтын, жүгірмейтін, тек сүңгіп, жүзіп қозғала алатын құстар. Суға түсерде бауыр жағымен жатып мұздың үстімен сырғанап суға
сүңгиді. Пингвиндердің басқа ұшпайтын құстардан айырмашылығы төссүйегі қырлы болады. Пингвиндер су ішінде 10 - 20м тереңдікке сүңгіп, 5 - 10 минут су астында болады. Себебі, жағалаумен салыстырғанда су жылырақ болады.
1.Сасықкүзен тәулігіне 20 сағат бойы ұйықтайды.
2.Француздықтар көгершіндерді «жарғанат» деп атайды.
3. Сарган балығының сүйектері жасыл екен.
4.Керіктің тілі қара түсті болады. Ал ені 45 см-ге дейін болуы әбден мүмкін.
5.Антарктидадағы тіршілік ететін балықтардың қан температурасы -1,7 Цельсий градусқа дейін төмен болуы мүмкін.
6.Киттің жүрегі минутына 9 рет қана соғады.
7.Әлемдік гиннес рекордтар кітабында тауықтың ең ұзақ уақыт бойы ұшу уақыты 13 секундты құраған еке
8.1850 жылы Еуропадан Америкаға алғаш рет торғайларды апарғанда, американдықтардың қуанғаны соншама аталмыш құстарды «өлгенше» азықтандырыпты.
9.Колибр құсы мүлдем жүре алмайды.
10.Қолтырауындар судың астына жүзу үшін тасты жұтады.
Сонымен, оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті.
Сау болыңыздар!
Бекітемін:
Биология үйірме күні:18.01.2017 жыл сынып.7 а,б сыныптар
Тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін жануарлар
Мақсаты: 1. Қазақстан жануарлары мүсіндей білуге үйрету.
2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,логикалық ойлауын,тіл байлығын дамыту,өнерге деген қызығушылығын арттыру.
3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
V Жаңа сабақ
Қазақстан жерiнде сүтқоректiлердiң 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекендiлердiң 12, балықтың 104-ке жуық түрi бар. Омыртқасыз жәндiктер шаян тәрiздiлер, ұлулар, құрттар, т.б.) бұдан да көп. Тек жәндiктер түрлерiнiң өзi-ақ 30 мыңнан асады. Қазақстанның солт-ндегi орманды дала белдемiнде бұлан, елiк, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекiлiк, көл айдындарын су құстары — аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Едiл өз. жағалауынан Алтай тауы бөктерiне дейiнгi астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйiрбас сұр тышқан, кәдiмгi сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан — дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседi. Көктемнен күзге дейiн бұл жерлерде ақ бөкен үйiрлерi жайылады, олар қысқа қарай шөлдi аймаққа ығысады.
Едәуiр бөлiгiн Жайық өз-нiң аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнiң батыс бөлiгiн бұлан, елiк жайлаған, мұнда еур. қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседi. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекендiлерден Жайық, т.б. өзендердiң аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседi. Мұнда бұлдырық, сұр кекiлiк, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнiң шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян, сiлеусiн, елiк, арқар мекендеген. Өсiмдiк жамылғысы әркелкi шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бiрнеше түрi кездеседi. Мұнда ақ бөкен де, сондай-ақ 20 ғ-дың 40 — 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетiн. Бұл белдемде құстан дуадақ, шiл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстiрт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетiн үстiрт арқары жұтаң өсiмдiктермен қоректенiп, ащы суды қанағат етедi. Үстiртте ұзын инелi кiрпi, қарақұйрық, шөл сiлеусiнi — қарақал кездеседi.
Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерде кездеспейтiн ерекше тұқымдас өкiлi — жалманды атап өткен жөн. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш к-нiң солт. жағалауындағы кейбiр аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана бар. Солт. Балқаш маңындағы бiрнеше жерден ғана тiршiлiк ететiн бес башайлы ергежейлi қосаяқ та ерекше жануар. Мұнда құстан шiл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседi. Оңт. Балқаш құмында осы араға ғана тән сексеуiл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тiршiлiк етедi. Құмайтты шөлде бiрқатар кесiртке (жұмырбас, ешкiемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан, т.б.) түрлерi, дала тасбақасы тараған. Республиканың қиыр оңт-ндегi кейбiр жерлерде келес сақталып қалған. Өзен-көл аңғарларындағы орман-тоғайларда елiк, жабайы шошқа, құм қояны, қырғауыл, т.б. кездеседi. Балқаш, Сасықкөл, т.б. көлдердiң жағалауындағы қалың қамыс арасында бiрқазан, жалбағай, ақ құтан, көк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынын өте сирек кездесетiн, Қазақстанның “Қызыл кiтабына” енгiзiлген реликт шағала қоныстайды. Қазақстанның шығысы мен оңт-н қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесi де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сiбiр таутекесi, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиiн, борша тышқан, алтай суыры, құр, шiл, т.б. кездеседi.
Зайсан қазаншұңқырынан оңт-ке қарай созылып жатқан тауларда [Сауыр, Тарбағатай, Жетiсу (Жоңғар) Алатауы] марал, елiк, арқар, сiбiр таутекесi, қоңыр аю, сiлеусiн, барыс, ұзынқұйрық саршұнақ мекендейдi. Жетiсу (Жоңғар), Iле Алатауы мен Талас Алатауында көкшiл суырдың орнына қызыл суыр және өте сирек кездесетiн Мензбир суыры жерсiндiрiле бастады. Қазақстанның оңт.-шығыс тауларында жыртқыш құстардан қозықұмай, тазқара, бүркiт тiршiлiк етедi.
Кең байтақ Қазақстан жерiн мекендеген жабайы жануарлардың тәжiрибелiк маңызы бар: олардың кейбiреулерi (ақ бөкен, марал, жабайы шошқа, ондатр, суыр) ауланады, екiншi бiреулерi — өсiмдiк пен жануар зиянкестерi (саршұнақ, тышқан, т.б.) мал мен адам ауруларын таратады. Кемiрушiлер жазық және таулы жерлерде оба ауруын, тышқан тәрiздi, кемiрушiлер туляремия, лептоспироз, қуқызба ауруларын таратады. Қансорғыш кенелер аталған аурулардың кең етек алуына себепкер болып, малға бiрқатар қан-паразиттiк аурулар жұқтырады.
Жануарлар түрлерiнiң қазiргi сипаты бiрқатар жағдайларға байланысты, олардың аралығында, ең алдымен, жердiң аса кең аумақта игерiлуi, осыған орай жер суару, не керiсiнше, көптеген жайма су аңғарларын құрғатып, тех. дақылдар егу нәтижесiнде жер бедерiнiң өзгеруi сияқты жағдайларды атап көрсету керек. Мұның нәтижесiнде соңғы 150 — 200 жыл iшiнде республика бойынша керқұлан (Пржевальский жылқысы), қабылан, тұран жолбарысы, тоғай бұғысы сияқты түрлерi жойылып кеттi. Көптеген аса бағалы аң түрлерiнiң азайғандығы соншалық, тiптi оларға жойылу қаупi төнген. Бұлардың қатарына қарақұйрық, үстiрт арқары, арқар, Мензбир суыры, ортаазия өзен құндызы, қарақал жатады. Құстардың iшiнде дуадақ, безгелдек, жорға дуадақ, қоқиқаз, орақтұмсық, жылан жегiш қыран, бүркiт, балықшы, кезқұйрықты субүркiт саны тым азайып кеттi. Олардың бәрi Қазақстанның “Қызыл кiтабына” енгiзiлдi. Сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кiтабының” 3-басылымына қорғауға алынған аңдардың 40 түрi, құстың 56 түрi, бауырымен жорғалаушылардың 10 түрi, қосмекендiлердiң 3 түрi, балықтың 16 түрi енгiзiлдi. Қорықтарда көптеген сирек кездесетiн жануар түрлерi мемл. қорғауға алынды (қ. Ақсу-Жабағылы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Наурызым қорығы, Марқакөл қорығы, Үстiрт қорығы). Республикамыздың қазiргi жануарлар дүниесi алуан түрлi, ал оның кең байтақ жерiнде бұрын да көптеген жануарлар мекендеген. Мұнда бiр кезде құрып кеткен омыртқалылардың 200-ден астам түрi, көне дәуiрдегi теңiз жайылмасында тiршiлiк еткен бауырымен жорғалаушылардың, балықтардың, омыртқасыз жәндiктердiң, мәселен, ұлулардың бiрнеше жүздеген түрi табылды.
Достарыңызбен бөлісу: |