Сабақтың тақырыбы: Жапония Сабақтың мақсаты: Жапония мемлекеті туралы толық мағлұмат алады



Дата24.07.2017
өлшемі37,83 Kb.
#21968
түріСабақ
М.Ғабдуллин атындағы Зеренді қазақ орта мектебі

География пәнінен 11 – сынып бойынша


АШЫҚ САБАҚ


Тақырыбы: Жапония

Өткізген: Хуанған Таберхан


Сабақтың тақырыбы: Жапония
Сабақтың мақсаты: 1.Жапония мемлекеті туралы толық мағлұмат алады.

2.Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп, шығармашылық

ойларын өсіреді, өз ойларын еркін айтып, қорытынды жасай

білуге дағдыланады.

3.Халықтар арасындағы достықты құрметтеуге тәрбиелейді.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.
Өткізу әдіс-тәсілі: Топпен ақылдаса отырып ортақ ойларын біріктіру, өз ойларын

айту, сұрақ-жауап, ұяшықтағы тапсырмаларды орындау т.б


Сабақтың көрнекілігі: Азия картасы, Жапония картасы, плакаттар, Жапонияға

байланысты суреттер , ұяшықтағы тапсырмалар, кестедегі тапсырмалар т.б


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру;

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында тақтадағы тапсырманы орындатамын.

І.


  1. Жоғары дамыған .......

  2. Жаңа индустриялы ........

  3. Жетекші дамушы ..........

  4. “Қоныс аударған” капитализм елі ........

  5. Мұнай экспорттаушы ............

  6. Ұлттық табысы төмен дамушы .............

  7. Мешеу елдер ................

Интерактивті тақтаға оқушылар тиісті елдерді жазады. Қазақстан осы елдердің қайсысының даму үлгісін алып отырғандығынан айтқызамын.
ІІ. Интерактивті тақтадағы ұяшықтардан таңдап, ондағы елдер жайында сөйлетемін.

Азияның қай бөлігінде орналасқан, шаруашылықтың маманданған саласы не?

Кувейт, Үндістан, Сингапур, Оңтүстік Корея

Міне, біз өткен Азия елдерінің шаруашылығының негізгі даму бағыттары жайлы аз да болса білімімізді тиянақтадық. Ендеше біз бүгін жаңа өздеріңіз айтып өткен жоғары дамыған елдердің бірден-бір Азиялық өкілі – Жапониямен танысамыз. Тақтада Жапония картасы тұрады. Енді осы Жапония туралы сендер аз да болса білетіндерің бар ма?



Не білеміз?

1.Жоғары дамыған мемлекет екенін

2.Азияның шығысында орналасқанын

3. - - - --------------------------------------------

4. -------------------------------------------------

5.-------------------------------------------------- т.с.с

Мұғалім оқушылардан енді не білгілері келетіндерін сұрайды.

Не білгіміз келеді?
1.Даму деңгейін

2.Табиғат байлығын

3.Климат жағдайын

4.Табиғи өсуін т.с.с

Олай болса білу үшін өзіміз де тырысып көрейік.Үш топқа бөлінейік. Әр топтың алдына бір-бір плакат беріледі.

1-ші топтың плакатында Жапония картасы,

2-ші топтың плакатының ортасында Жапония туы,

3-ші топтың плакатының ортасында ағаш бейнеленген.

Үш топқа үш тақырып беріледі. Оқушылар берілген тақырыпты оқулықтан оқып, 1-ші топ картаның айналасына аралдар, шекаралас елдерді, астанасын сөзбен жазады, 2-ші топ тудың жан-жағына табиғат жағдай ресурстарын суретпен,

3-ші топ ағаш төңірегіне халқы туралы сөзбен жазады. Жұмыстарын аяқтаған соң тақтаға іліп, әр топтан бір-бір оқушы шығып, жұмыстарын қорғайды.

Осыдан соң мұғалім Жапония туралы суреттермен жасалған слайдты көрсете отырып, оқулықтан тысқары мәліметтермен оқушылар ойларын толықтырады.
Оқушылардан бүгін өздеріне қандай жаңалық алғандарын сұраймын.
Не білдік?


  1. 4 үлкен, 4 мыңдай кіші аралдан тұратынын;

  2. Ұлттың құрамы бір текті;

  3. Табиғат ресурстары аз екенін;

  4. Ұзақ жасайтын ел екенін;

  5. Ұрбандалу деңгейі жоғары екенін;

  6. Халқының 60% қызмет көрсету саласында;

  7. Туу көрсеткіші төмен екенін;

  8. Император басқаратын монархиялық ел;

  9. Жер сілкінісі мен жанартаулар көп екенін білдік.


Бағалау

(топ мүшелері бірін-бірі бағалайды);


Үй тапсырмасы:

Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып «Жапон халқының салт-дәстүрі» туралы мәлімет жинап келіңдер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет