Пәні:
|
Сурет негіздері
|
Тобы:
|
1а,сКШИЧ
|
Уақыты:
|
20.10.2015
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жарық, көлеңкенің өзгеруі
|
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
|
|
А) ақпараттық құзыреттілік
|
Әртүрлі геометриялық айналу денелерінен натюрморт салу жолдары, дене көлемін көрсетуде жарық көлеңкені бейнелеу жолдары жөнінде ақпарат беру.
|
Ә) коммуникативтік құзыреттілік
|
Бейнелердің құрылысын тұрғызу барысында ережеге сай кезеңдермен жұмыс жасауға үйрету, заттар көлемін көрсету жолдарын меңгерту.
|
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі
|
Геометриялық айналу денелерінен натюрморт салуда бейнелердің түстік ерекшеліктерін,
жарықтың түсуін, жарық көлеңкенің өзгеруін таба білуге дағдыландыру.
|
Сабақтың типі:
|
Аралас
|
Сабақтың әдісі:
|
Ауызша, АКТ, машықтық
|
Пәнаралық байланыс:
|
Физика, сызу
|
Қажетті құралдар мен материалдар
|
Компьютер, геометриялық денелер (цилиндр, конус)
|
Сабақтың барысы:
|
Оқытушының қызметі
|
Студенттің қызметі
|
Күтілетін нәтиже
|
І. Ұйымдастыру бөлімі
|
Студенттермен амандаса отырып, сабаққа дайындау, құрал жабдықтарын дайындату.
|
Оқытушымен амандаса отырып, сабаққа дайындалады.
|
Сабаққа дайын болады.
|
ІІ. Үй тапсырмасы тексеру
|
Сұрақтар қою арқылы өткен материал қайталанады:
Суретті бейнелеу қандай кезеңдер ақылы жүзеге асырылады?
Сурет салу барысында қандай бейнелеу заңдылықтары қолданылады?
Сұрақтың жауаптарын ашу арқылы студенттердің жауабын тексереді.
Бейнелеу өнерінің әр заңдылықтарына суреттер көрсетіліп, анимация арқылы түсіндіріледі.
|
1. а) Парақтың бағытын анықтау
ә) Бейнелердің орындарын белгілеу
б) Бейнелердің құрылысын шығару
в) Заттардың түстік шешімін табу
г) Жұмысты аяқтау
2.
а) Композиция
ә) Пропорция
б) Перспектива
в) Жарық көлеңке
|
Үй тапсырмасын толық орындайды, сұрақтарға жауап бере алады.
Көрсетілген бейнелерден бейнелеу заңдылықтарының ерекшеліктерні түсіндіреді.
|