Сабақтың тақырыбы: Жас ерекшелік психологиясына кіріспе. Сабақтың мақсаты


Жасерекшелік психологиясының тармақатры



бет5/7
Дата20.06.2020
өлшемі27 Kb.
#74099
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
00009b27-eef44cf7
00009b27-eef44cf7
Жасерекшелік психологиясының тармақатры.

  • Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы (туғанан 6-7 жас)

  • Бастауыш сынып оқушылар психологиясы (10-11-14-15 жас)

  • Балғын жастық психологиясы(15-18)

  • Ересектер психологиясы(21-35,35-60)

  • Қарттар психологиясы (60-75,75-90)

Жасерекшелік психологиясының зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері. Кез-келген ғылым негізгі факторларды зерттеуден тұрады.Факторларды тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп аталады.

Бақылау әдісі жас ерекшелік психологиясындағы зерттеулерде кеңінен қолданылады. Бақылау зерттеудің тек тиісті обьектілеріне қарау емес,әдейі мақсат қойып баланың тиісті мінез-құлқын тексеру. Бұл кейде кесінді ретінде жүргізіледі.Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді,керек деген мезгілде (аз уақыт ішінде) жүргізіледі.

Байқау әдісі деп таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп және психикалық әрекеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз.

Бұл әдіс бойынша зерттеуші адам зерттелушінің әрекеттерін сырттай бақылап жазып отырады.Оны жүргізу шарттары жоспарлап алу, мақсат қою,жүйелі түрде жүргізіп отыру, кездейсоқ болмай байқауды қалай жүргізу керектігін алдын ала белгілеп алу және оған қорытынды беру.Байқау әдісі жаппа және ішнара болып бөлінеді.

Бала психологиясы тарапынан жасалатын эксперименттер мектепке дейінгі және мектеп жасындағыларымен түрліше жүргізіледі.

Эксперимент деп баланың психикасының даму заңдылықтарын бірнеше рет өзгертіп, құбылтып кейде жасанды жағдайда зерттеу.

Эксперимент әдісі арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды даралап және дәлзерттеуге болады.

Эксперимент екіге бөлінеді: табиғи және лабораториялық.

Табиғи эксперимент күнделікті дағдылы жағдайда балалардың арасында ойын, сабақ оқу, еңбек әрекеті кезінде жүргізіледі. 1910 жылы орыс педагогі А.Ф. Лазурский (1874-1917ж) табиғи эксперименттің негізін қалады. Лабораториялық эксперимент арнайы жабдықталған лабораторияда жүргізілетін зерттеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет