Жасерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы:анатомия, физиология, философия, жалпы психология.
Жалпы психология-барлық психологиялық ғылымдардың теориялық негізі. Жалпы психология-психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оның зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді.
Анатомия және физиология- бала дене құрлысының әр жасқа қарай нығайып өсуі, органдардың атқаратын қызметін әр жаста түрліше өзгерістерге ұшырау себептерін көрсетеді.
Философия-барлық ғылымдардың әдіснамалық негізі.Философия барлық ғылымдар ескеретін ортақ заңдылықтарды ашады. (қарама-қайшылық, дамудық секірмелігі заңдылығы)
Жасерекшелік психологиясының ең тығыз байланысатын ғылымы педагогика болғандықтан-зерттейтін обьектісі бір, яғни бала, жеткіншек, жасөспірім.
Достарыңызбен бөлісу: |