Сабақтың тақырыбы: Жақсы мінез жан азығы Сабақтың мақсаты



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата22.01.2023
өлшемі320,48 Kb.
#166112
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Жақсы мінез-жан азығы

 Тапсырмалар 
«Іскерлік ойын – «Өзімді бағалаймын» таратылған парақтарды толтыру 
Жағымды қасиеттерім, Жағымсыз қасиеттерім 
Сіздерге таратылып берілген параққа оң жағына «жақсы» «жаман» қасиеттеріңізді 
тізіп жазыңыз. Ол үшін алдымен өзіңіздің бойыңызды қандай қасиеттер бар соны 
ойланып алып, екі бағанға бөліп жазыңыздар. (3минут уақыт беріледі) 
1. Қандай қасиеттеріңізді көп жаздыңыздар? 
2. Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз? 
3. Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе? 
4. Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба? 
Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді, екіншіден басқа 
адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерді 
жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру болады. 
 
Есіңе сақта
Ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсіндір. 
Жақсы мінез - құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық 
қасиеттер болып табылады. 
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез - құлыққа 
байланысты. 
Әл - Фараби 
Қорытынды
Рефлексия
 
Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез - құлық, жақсы әдет, жақсы 
әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі - өнегесімен, ата - әжеңнің 
берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар 
өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып 
білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді. 
Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа 
үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде 
мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке 
ұмтылған жөн. 
- Өзіңе пайдалы мәлімет ала алдың ба? 
- Қандай әсер алдың? 
- Тілегіңмен ұсынысың бар ма? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет