« Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» кмм
«Жақсы мінез - жан азығы»
2022-2023
оқу жылы
Бекітемін:
-----------------------ДТЖО
«_16_» 01.2023ж
Пәні
Сынып сағаты
Мұғалімнің
аты-жөні
Бадрадинова А
Сабақтың
тақырыбы:
Жақсы мінез - жан азығы
Сабақтың
мақсаты:
а) оқушылардың мінез - құлық туралы түсініктерін кеңейту.
б) мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан
ойлауды дамыту.
в) жақсылыққа,
адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақта
қолданылатын
материалдар:
қанатты сөздер.Бейнероликтер.
Әдісі:
сұрақ - жауап, ізденушілік жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Сабақтың
барысы
Ұйымдастыру
кезеңі
«Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің
біреуін айтып, өзіңіздің мінезіңіз туралы айтып кету керек.
Мысалы: Мен ақылды – Ақнұрмын. Ақкөңілмін.
Мен сымбатты - Сабирамын. Сабырлымын.
Мен қайтартты - Қожа-Ахметпін. Т.Б.
Мағынаны
таныту
• Неліктен «Мінез – адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың?
• Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
• Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
• Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың?
. Абайдың өлең жолдарын еске түсіре отырып, талдату.
Абай айтқан адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністері қандай?
Шегенің ізі видеоролик
Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан
сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп:
«Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір
шегеден қағып отыр», - деп табыстапты.
Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де
аз болмапты.
Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт
жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол достарыңмен
жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді.
Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен.
Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп:
«Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып
қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын,
қарайған көп тесікті көріп
тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен
төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына
шегенің орны тәрізді бір – бір
дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне
кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік
ұмытылмас сабақ ұқтыра.
Иә, реніш артынан риясыз
кешірілсе жақсы, әйтпесе, көп жағдайда жан сыздатар,
еске түскен сайын көңілді қаралап, жанды жаралайтын із тастап кететіні,
ащы да
болса ақиқат.
«Алдыңа келсе, атаңның айыбын кеш» деген бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз
етіп ұстаған. «Бір ашуыңды маған бер», «Тентегімді жөнге салуды өзіме қалдыр»,
«Бір білместік өтті», егер бала болса « ісінің шалалығы» деп, жас болса « жастық
шақта кімнің басынан не өтпейді» деп, үлкен кісі болса « жаңылмайтын жақ,
сүрінбейтін тұяқ бола ма» деген секілді сөздермен әйтеуір
екі жақты өз рәуішінде
бітістіруге, араларын татуластыруға, артын тым ушықтырмауға тырысқан.