Сабақтың тақырыбы: «Жақсы мінез жан азығың»



бет3/8
Дата11.01.2022
өлшемі21,04 Kb.
#129242
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жақсы мінез
Ашық сабақ
Маржан: Мінез ұғымын алғыш сипаттап жазған грек философы «Треофраст және Лабрюйер» мінез адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деп бағаланады.

Дәурен: Ұлы Абай « мен егер закон қуаты қолында бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген екен.

Мадина: Француз ғалымы Рибо мінезді «туа пайда болатын икемделу» десе, Млапер,Фулье т.б. мінездің « кейін пайда болатын ерекшеліктері де бар» деп бағалады. Сонымен, мінез туралы екі түрлі көзқарас қазірге дейін талас туғызып келеді.

Алтынай: Мінез – құлық – әр адамның жан дүниесінің айнасы. Адамның мінезіне қарай ішкі дүниесінің қандай екенін бірден ажыратуға болады. Мінезің жаман болса, сол мінезің арқылы айналаңдағы адамдарды өзіңнен бездіресің. Ал мінезің жақсы болса, қандай адаммен болсын тіл табыса аласың.

Сұлтан: Өмірдегі ең қиын нәрсе - адамның тілін табу. Адамның тілін табу үшін, оның мінезін білу керек. Адамның бойындағы екі мұқтаждықты, екі құмарлықты тудыратын екі қуат бар. Ол жан мен тән деп аталады. Оларды нақты өз аттарымен атасақ жан – ол рух. Тән - нәпсі. «Рух пен нәпсінің мұқтаждықтары мен құмарларының ара қатынасынан келіп адамның қалыптасқан мінезі шығады». Адам бойында жақсы қасиет пен міндер қатар жүреді. Осының дәлелі ретінде «Шалкиіз жырау» мынандай өрелі ой айтқан:

Жаманнан туған жақсы бар,

Адам айтса нанғысыз.

Жақсыдан туған жаман бар,

Күндердің күні болғанда,

Бір аяқ асқа алғысыз.



Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз ерекше түрде өткелі отыр. Біріншіден, бізге қонақтар келіп, тәрбие сағатымызға қатысып отырса, екіншіден, ары қарай тәрбие сағатымызды Хабар арнасындағы «Сонымен солай дейік және солай болатынына сенейік» атты телебағдарлама ретінде жүргізу мақсатында сөз тізгінін жүргізушілерге беремін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет