Сабақтың тақырыбы: «Жақсы мінез жан азығың»



бет7/8
Дата11.01.2022
өлшемі21,04 Kb.
#129242
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жақсы мінез

Алтынай:

Ей, адам! Қайырымды, мейірімді,кеңпейілді, қанағатшыл, ынсапты бол. «Кең адамның күніне бір үйі кеңиді, тар адамның күніне бір үйі кемиді» деген бар. Ендеше кең болуға тырыс.

«Ұлық болсаң, кішік бол» дейді халық. «Жоқпын», «жарлымын» деп жасыма біреуден тіленбе. Жаныңды салып, аянбай, жалықпай еңбек ет. Өйткені жалқаулық адамды жарлы етеді.

Өз еңбегіңмен тапқан мүлкіңе жаның ашысын. Еңбегіңді қадірле, мал-мүлкіңді көзіңнің қарашығыңдай сақтай біл. Оны тек игілікті іске ғана жұмса.

Біреуге ісеген жақсылығыңды да, жамандығың да өз алдыңнан шығады. Көрген жақсылығыңды ұмытпа, оның қарымын қайтар, көрген жамандығыңды ойыңнан шығар.

Сұлтан:

Ей, адам! Өз басыңды өзің қадірле, өзіңді өзің тәрбиеле. Жақсы мен жаманды айыра біл. Адамның бірінші байлығы – өз денсаулығыңды сақтай біл.

Егер сен осы уақытқа дейін өміріңнің ең жарқын сәттерін, денсаулығыңды, күш-қуатыңды әр түрлі жамандық істермен шұғылданумен жоғалтып келген болсаң, осы жерде кілт тоқта. «Ештен кеш жақсы», алда әлі өмір бар.

Сен өзіңді адамзат үшін іс атқару мақсатымен Құдайдың жерге арнайы түсірген адамымын деп есепте. Соған лайық бол. Сонда сен дүниедегі ең данышпан адамдардың біріне айналасың.



Алтынай: Еңбек етсем, ертеңгі.

Бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер,

Уақытыма сенемін!

Достық іспен қасты да

Жеңеріме сенемін!



Сұлтан: Ақыл, сана, біліммен,

Өнеріме сенемін!

Арым - таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін!

Абыройлы, ақ ниет,

Адамдыққа сенемін!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет