Сабақтың тақырыбы: «Жақсы мінез жан азығың»


Сұлтан: Армысыздар, қадірлі ұстаздар! Алтынай



бет4/8
Дата11.01.2022
өлшемі21,04 Kb.
#129242
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жақсы мінез
Ашық сабақ
Сұлтан: Армысыздар, қадірлі ұстаздар!

Алтынай: Құрметті оқушылар!

Сұлтан: Тақырыбымыз жайлы сөз етпестен бұрын жаңа өзіміз анықтама берген мінез-құлықтың озық түрлері мен міндеріне тоқталсақ.

Алтынай: Назарымызды экранға аударайық!

Мінездер


Озықтық

Міндері


Ар-ұят

Адалдық


Әдеп

Борыш


Ождан

Жомарттық

Кешірімділік т.б,

Такаппар,өркөкірек,

Ақымақтық,күншілдік,

Нашақорлық, іштарлық,

Ашушаңдық,

Жауапсыздық т.б.



  • Слайд көрсетіледі. Жақсы мінез-құлық туралы.

Сұлтан: Ал, ендеше осы туралы ойымызды ортаға салсақ. Кім не дейді?

М.Айдана Ар-ұят-иман тармағының бірі.Ғаламдағы барша іс-әрекеттің үлгі өнегесі ар-ұятқа байланысты. Егер ұят пердесі түрілсе, адам-адамнан тыйым көрмесе, адамдар тәрбиені жоғалтып, адамдар арасындағы татулық, бірлік жоғалар еді. Ар-ұят Алла хош көрмеген нәрселерден сақтайды.

Күнәлі істің әдептен аспауын қалар ұят,

Күнәлі істің жолына тосқауыл болар ар-ұят.

Дәурен: Адалдық - ақиқатшыл адал жан. Шындықты айтады, әділ болады. Шыншылдық пен адалдық алдымен амандық-саулыққа шарапатын тигізіп, істің оңды бітуіне себепші болады.

Сұлтан: Өте жақсы айттыңдар,дәл сендердей әрбір бала жақсы мен жаманды сараласа, адамгершілігіміз биіктен көрінеріне сеніміміз мол.Сендердің сөздеріңе, ойларыңа Абай атамыздың мына сөзі куә «Адамның адамшылығы-ақыл мен ғылымда, жақсы ата-ана, жақсы құрбы ұстаздан» -деген.

Алтынай: Бүгінгі пікірталасымызды ары қарай жандандыру үшін ортамызға аға буын 11 «Г» -сынып оқушысы Тұрсыов Аманды шақырамыз.

Сұлтан: Қош келдің, Аман! Біздің бүгінгі тақырыбымызға байланысты айтар ойың бар ма?

А.Айдана: Бұл көріністен мен сабырлықты көріп тұрмын. Екінші «Бақара» сүресінің 159 аятында(Алладан) жәрдем тілеңдер. Күдіксіз Алла сабыр етушілермен бірге дейді.



Нұрлыжол: Бұл жерде мен Қазыбек бидің әділдігін көріп тұрмын. Ашу-араз, ақыл –дос, ақылыңа ақыл қос. Жауыңа айтар сөзіңді, жақыныңа айтпа деп отыр.

Аман: Абай атамыз «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген екен. Өздерің қандай даналардың ұлағатты сөздерін қосар едіңдер?

Ләзиза: Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Әл-Фараби.

Аян: Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Әл-Фараби.

Нұрлыжол: ...адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы-тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан. Ж.Аймауытов.

Асыл: Жағдайдың өзгеруі мінезді де өзгертеді. Ж. Аймауытов.

Айым: Тәуір мінез білімнің аздығынан гөрі, жігердің жетіспеуінен көбірек жапа шегеді. Г. Спенсер.

Әкежан: Мінез-құлық- әркім өзінің кейпін көрсететін айна. И.Гете.

Азамат: Жақсы мінез-бүкіл өміріңнің сарқылмас бұлағы. У. Гэзлит.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет