Кіріспе. Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі 10 «А» сынып оқушыларының «Жақсы мінез – жан азығың» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Балалар, өздеріңе алдын ала « мінезге »байланысты үй тапсырмасы берілген. Өздерің жинаған анықтамаларыңды айтып көріңдер.
Сұлтан: Мінез - адамның бүкіл өмір бойғы іс-әрекеттері мен қылықтарына, тәрбиеленуіне байланысты қалыптасып, дамып отыратын өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Гректің «характер» деген сөзінің мәнісі - із қалдыру. Адам мінезінің көріністері оның әрбір жеке оқиғаларға қатысуынан аңғарылады.