Сұлтан: Армысыздар, қадірлі ұстаздар!
Алтынай: Құрметті оқушылар!
Сұлтан: Тақырыбымыз жайлы сөз етпестен бұрын жаңа өзіміз анықтама берген мінез-құлықтың озық түрлері мен міндеріне тоқталсақ.
Алтынай: Назарымызды экранға аударайық!
Мінездер
Озықтық
Міндері
Ар-ұят
Адалдық
Әдеп
Борыш
Ождан
Жомарттық
Кешірімділік т.б,
Такаппар,өркөкірек,
Ақымақтық,күншілдік,
Нашақорлық, іштарлық,
Ашушаңдық,
Жауапсыздық т.б.
Слайд көрсетіледі. Жақсы мінез-құлық туралы.
Сұлтан: Ал, ендеше осы туралы ойымызды ортаға салсақ. Кім не дейді?
М.Айдана Ар-ұят-иман тармағының бірі.Ғаламдағы барша іс-әрекеттің үлгі өнегесі ар-ұятқа байланысты. Егер ұят пердесі түрілсе, адам-адамнан тыйым көрмесе, адамдар тәрбиені жоғалтып, адамдар арасындағы татулық, бірлік жоғалар еді. Ар-ұят Алла хош көрмеген нәрселерден сақтайды.
Күнәлі істің әдептен аспауын қалар ұят,
Күнәлі істің жолына тосқауыл болар ар-ұят.
Дәурен: Адалдық - ақиқатшыл адал жан. Шындықты айтады, әділ болады. Шыншылдық пен адалдық алдымен амандық-саулыққа шарапатын тигізіп, істің оңды бітуіне себепші болады.
Сұлтан: Өте жақсы айттыңдар,дәл сендердей әрбір бала жақсы мен жаманды сараласа, адамгершілігіміз биіктен көрінеріне сеніміміз мол.Сендердің сөздеріңе, ойларыңа Абай атамыздың мына сөзі куә «Адамның адамшылығы-ақыл мен ғылымда, жақсы ата-ана, жақсы құрбы ұстаздан» -деген.
Алтынай: Бүгінгі пікірталасымызды ары қарай жандандыру үшін ортамызға аға буын 11 «Г» -сынып оқушысы Тұрсыов Аманды шақырамыз.
Сұлтан: Қош келдің, Аман! Біздің бүгінгі тақырыбымызға байланысты айтар ойың бар ма?
А.Айдана: Бұл көріністен мен сабырлықты көріп тұрмын. Екінші «Бақара» сүресінің 159 аятында(Алладан) жәрдем тілеңдер. Күдіксіз Алла сабыр етушілермен бірге дейді.
Нұрлыжол: Бұл жерде мен Қазыбек бидің әділдігін көріп тұрмын. Ашу-араз, ақыл –дос, ақылыңа ақыл қос. Жауыңа айтар сөзіңді, жақыныңа айтпа деп отыр.
Аман: Абай атамыз «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген екен. Өздерің қандай даналардың ұлағатты сөздерін қосар едіңдер?
Ләзиза: Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Әл-Фараби.
Аян: Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Әл-Фараби.
Нұрлыжол: ...адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы-тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан. Ж.Аймауытов.
Асыл: Жағдайдың өзгеруі мінезді де өзгертеді. Ж. Аймауытов.
Айым: Тәуір мінез білімнің аздығынан гөрі, жігердің жетіспеуінен көбірек жапа шегеді. Г. Спенсер.
Әкежан: Мінез-құлық- әркім өзінің кейпін көрсететін айна. И.Гете.
Азамат: Жақсы мінез-бүкіл өміріңнің сарқылмас бұлағы. У. Гэзлит.
Достарыңызбен бөлісу: |