Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
-1. Мақсат бойынша саралау- сабақты жоспарлаудан бастау алып, білім алушылардың оқу мақсатына қол жеткізу мақсатында жеңілден күрделіге қарай тапсырма дайындалып, орындалады. Саралап іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер: оқушыға дербес көмек көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылады.
2. Ресурс немесе мәтін бойынша саралау - қосымша ресурс қолдана отырып білім алушылар мысалы: нәруыз, көмірсулар мен крахмалдың полимерлердің мономерлерін анықтайды.
3. Тапсырма бойынша саралау- Чиксентмихай « Талап ету және оқу» теориясын басшылыққа ала отырып, жаңа білімді меңгеруде жуан және жіңішке сұрақтар дайындалды.
4. Диолог арқылы саралау - Сабақ үрдісінде «оқушы» - «оқушы» ; «оқушы» - мұғалім» арасындағы сұқпатқа мән беріледі. Мұғалімнің сұрақтары білім алушылардың ойлау қабілетін ашады, айқындайды және кеңейтеді. Мысалы сұрақтар бере отырып «күту уақытын» есепке алу керек деп ойлаймын. Мен «жуан», «жіңішке» сұрақтар түріндегі сұхбатқа көңілім толмайды. Себебі «күту уақытының» қысқа болу салдарынан білім алушылардан жауап болмай, өзім жауап бере салу сияқты жағдайлардың болуын ескеруім керек деп ойлаймын.
5. Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау- сабақ үрдісінде оқушы саны аз болғандықтан әр оқушыға оқу мақсатына жету үшін жеке көмек бере отырып, жеке кері байланыс беріледі.
6. Таңдау бойынша саралау- жаңа сабақты меңгеру кезіндегі төртінші тапсырма модельдеу дарынды оқушының қызығушылығына, сұранысына сәйкес дайындалған тапсырма.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |