Полисахаридтерге крахмал, жасунық, муреин, гликогенді жатқызуға болады. Олар глюкоза, фруктоза, галактоза сияқты моносахаридтерден құралған. Саңырауқұлақтардың жасуша қабатында сыртқы қаңқадан жасуша қабырғасын түзіп, беріктігін арттырады. Өсімдік жасушасының қабырғасында целлюлоза беріктік қасиет беріп, судың жоғалуын болдырмайды. Адам және жануарлар бауырының жасушаларында гликоген түрінде қорға жиналады.
С 6H12О6 (С6Н10О5)n + nН2О
глюкоза крахмал
Полимерлердің қасиеттері. Полимерлердің маңызды қасиеттерінің бірі –мономерлерге ыдырап, қайтадан полимерлерге бірігуі.Адамның және жануардың асқорыту жүйесінде асқорыту ферменттері нің әсерінен полимерлер мономерге дейін ыдырайды.Содан соң ішекте мономерлер қанға сіңіп, ағзаның барлық жасушасына тасымалданады. Әрбір жасушаға түскен мономерден дәл осы ағзаға қаже полимер қайта синтезделеді.Ал полимерлер құрамындағы мономерлер әрқашан белгілі бір химиялық байланыспен байланысады.
Полимердің қолданылуы