Садырова Махаббат Қайыргелдіқызы
Солтүстік-Қазақстан облысы Петропавл қаласы
«БЭСТ» гимназиясының қазақ тілі
мен әдебиеті мұғалімі
5»А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Жазғы еңбек
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жазғы еңбек туралы жалпы түсінік беру. Білім дағдыларын қалыптастыру.Жаңа тақырыппен жұмыс жасау, жаңа сөздерді меңгерту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрай білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Үлкенді сыйлау, тәртіпті болу, әдептілікке, еңбекке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Әңгіме құрап сөйлей білу дағдысын молайту. Оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін, ақыл-ойын дамыту. Деңгейлерді көтеру барысында жұмыс жасау.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, сурет, карточкалар,
Сабақтың түрі: жаңа білімді беру сабағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Мақсатын айту.
III. Үй тапсырмасын тексеру.
“Жазда не піседі?” сұраққа жауап беру.
Жеміс-жидектердің атауларынан сөйлемдер құру.
«Еңбек етсең, емерсің», «Жеміс жесең, жетілесің» деген тақырыптарға диалог дайындау.
IV. Жаңа білімді беру.
Сабақтың эпиграфы:
Жер тоймай, ел тоймайды.
Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.
1.Сөздік жұмысы:
а) өтетін сөздердің, сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару.
-
жүйек - грядка
бүлдірген - земляника
тыңайтқыш - удобрение
қопсыту - пропалывать
піседі – поспевают, созревают
шабу - косить
маялау – скирдовать, стоговать
жұлу - выдергивать
|
ә) сөз тіркестерін құру;
б) сөйлемдер құру;
Деңгейлік тапсырмалар.
«Сен жазда ата-анаңа қалай көмектесесің?» деген тақырыбы бойынша әңгімелеңдер.
Суреттер бойынша сөйлемдер құраңдар. Етістіктің шағын анықтаңдар.
Құрастырылған сөйлемдерді сөз құрамына талдаңдар.
«Жаздың бір күні, қыстың мың күнін асырайды» мәтел бойынша шағын әңгіме құрап жазыңдар.
1 деңгей. «Сен жазда ата-анаңа қалай көмектесесің?» сұраққа жауап беріңдер.
Мен анама көмектесемін.
Біз бірге саяжайға барамыз.
Саяжайда өсімдіктерге су құямын.
Дүкенге барып, азық-түліктерді сатып аламын.
Ауланы,үйді жинаймын.
Інімді балабақшаға апарамын.
II деңгей. Суреттер бойынша сөйлемдер құраңдар. Етістіктің шағын анықтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |