Сабақтың тақырыбы: Жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының



бет3/4
Дата19.02.2017
өлшемі1,59 Mb.
#10973
түріСабақ
1   2   3   4

білім беретін №14 орта мектеп

Бекпанова Бағила
Сабақтың тақырыбы Жүсіпбек Аймауытов-қазақ әдебиетіндегі проза. жанрының классигі. «Қартқожа» романы

Мақсаты: Білімділік: Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен

шығармашылығы туралы мәлімет беру, «Қартқожа»

романының мазмұнына талдау жасай отырып,

тақырыбы мен идеясын ашу.Романдағы әлеуметтік

теңсіздік мәселесі кейіпкердің өзінің дәуіріне сай

жаңа тип ретінде қалыптасу жолын көрсету,

романның көркемдік ерекшелігіне талдау.

Дамытушылық: Көркем шығарманы талдай білуге төселдіру, сын тұрғысынан ойлап,өз пікірін қорғауға

дағдыландыру.өзіндік пікір қалыптастыруға

жетелеу.Ынтасын,шығармашылық ізденушілік

белсенділігін дамыту.


Тәрбиелік : Жазушы өмірін үлгі ету Оқушыларды

елін,жерін сүйе білуге баулу.Кейіпкер бейнесі арқылы өмірді таныту,өмірге көзқарастарын қалыптастыру,ақыл-ой адамгершілік қасиеттерін

бойларына сіңіре отырып,имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дамыта оқыту сабағы

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Әдісі: түсіндірмелі –көрнекілік,баяндау,ішінара іздендіру,

репродуктивті,топтастыру,«түсініктеме күнделігі»,

«әңгіме кестесі» «Еркін жазу» стратегиялары, тест-

интервью.


Көрнекілігі: ақын портреті,шығармалары

Тех. құрал-жабдық: мультимедиялық проектор

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

III. Өткен оқу материалын қорыту

IV.Жаңа сабақты түсіндіру

V. Жаңа сабақты бекіту

VI. Жаңа сабақты қорыту

VIІ.Үйге тапсырма беру

VIІІ.Оқушылардың білімін бағалау



I.Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар түгенделіп, назары сабаққа аударылады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.«Батыр Баян »поэмасының мазмұны.

2.Ұнаған өлең шумақтарынан үзіндіні жатқа оқу.

3.М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы мен І.Есенберлиннің

«Жанталас»романы( Венн диаграммасы)

ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту.

1. Баянның ,қалмақ қызының бойынан қандай қасиеттерді өзімізге үлгі

қылып аламыз? Ноян бейнесі арқылы не түсіндің?

2. Поэманың идеялық-тақырыптық мақсаты не?

3. Поэманың мазмұнына қарап, ақынға мінездеме бере аламыз ба?

«...Мағжан-ең алдымен сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі,оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса , сырлы, көркем, сәнді жазады... Мағжанның ақындық күші,сөзге еркіндігі,суретшілігі «Баянда» толық көрінеді.Абай айтқан сөз патшасы «Баянда»бар.Адамдардың мінезін толық келтіру,махаббатты,батырды,соғысты өлімді суреттеуі өмірді түйе білгендігін көрсетеді.«Баян»қазақ әдебиетінде бола бермеген табыс»,-деп баға берген жазушы Ж. Аймауытов.



ІV.Жаңа сабақ. ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Ол - ақын , прозашы, публицист, сыншы, театр режиссері , аудармашы, педагог болды. Бір өзі әдебиет пен ғылымның әр саласында еңбек етті.Қазақ әдебиетін проза , драматургия жанры жағынан қалыптастыруды және мектептер мен оқу орындарының оқушыларын арнап, бірнеше оқу құралдарын , оқулықтарын жазуға қатысты.

Жаңа сабақта алдын ала іздендіру мақсатында берілген тапсырмалар бойынша жазушы ғалымдардың Жүсіпбек Аймауытов жайлы жазған естелік , сын , зерттеу мақалалары бойынша дайындаған оқушылардың пікірлерін , еңбектерін тыңдау. Оның өмірі мен шығармашылығын төмендегідей талдау.



Жүсіпбек Аймауытовтың өскен ортасы,ата – анасы , алғашқы білім алған орындары .

Жүсіпбек Аймауытовтың поэзиялық туындылары

Прозалық жанрдағы шығармалары.

Қазақ драматургиясының дамытудағы сүбелі үлесі .

Ғылыми еңбектері , аудармалары .

Осындай әдебиетіміздің , театрдың , ғылымның дамуына айрықша қызмет еткен қаламгердің еңбектері 60 жыл бойы оқушының назарынан тасада қалып келді. Еліміздегі қайта құрудың нәтижесінде болған өзгерістерден кейін ғана – 1988 жылдан бастап Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы сындарды ғылыми – зерттеу еңбектері мен мақалалары жарық көре бастады.Жүсіпбектануға айрықша үлес қосқан ғалымдар мен әдебиетшілер: М.Қаратаев, С.Қирабаев, М.Атымов, Б.Құдақбаев, Т.Қожакеев т.б. Әсіресе Жүсіпбектің артындағы бай мұрасын зерттеген қоғамдық пікір қалыптастырушы, белгілі ғалым әдебиетші С.Қирабаевтың қосқан үлесі зор. «Жүсіпбек Аймауытов» атты кітапша шықты.



«Қартқожа» романы туралы қысқаша түсінік беру.

Жазушының Қартқожаны романға негізгі кейіпкер етіп алуының сыры .
Қартқожа Жананұлы Торғанбаев. Ол кім?(Жазушы З.Ақышевтің естелігі)
Бенжамин Блумның сұрақ қою өлшемдері әдісін пайдаланып,сұрақтар қою
арқылы романның қысқаша мазмұнына талдау :
1.Оқиға қай кезеңді суреттейді?
2.Романдағы бала Қартқожаның портретін тауып оқы.

3.Қартқожаның жәбір көріп, әділетіздіктен жапа шеккен кездері болды ма?

(«Ұядағы зорлық »бөліміне талдау жаса.)

4.Қартқожаның білім алу жолындағы әрекеттерін әңгімеле.

5. Әкесі Жұман шаңырағының құт-берекесі болған, көк биесі өлген соң –ақ

бірінен соң бірі қырсық шала береді. «Әкесі төмен қарап: «Қол-аяғымызды

кестің бе?» деп еңкілдеп қоя беріп еді... «таңдайды бір жола ағартайын дегені ғой» деп, тағы да егіліп, зарланып жылап жіберді. Кімге айтылған? Аллаға ма? Өліп бара жатқан жануарға ма, болысқа ма? Өсіп келе жатқан Қартқожа көз жасын көрсеткісі келмейді, үйді айнала барып жылайды...(Қартқожаға мінездеме беру)

5.С.Торайғыров романың қай тұсында көрінеді?

6.Романда қандай тарихи оқиғалар көрініс тапқан? Соғысқа жарамды

адамдардың жасы жазылған кітапты өртеу арқылы кедейлер мәселені

шешті ме?

7.Қартқожаның ой-өрісінің толысуына Андрейдің қандай әсері болды?


8.«Туған жер » тарауы.(Монолог)
9 .Уақыт пен заман Қартқожаның өмірі мен тағдырына қандай өзгеріс

жасады?


V.Жаңа сабақты бекіту

1-қатардан Қартқожа бейнесі бойынша тест-интервью алынады.

Қартқожаның өзіне тән ерекшелігі (ескерту: астын сызу керек; өзің жауап қосуға болады.)

сөзге шешен, ақылды, терең ойлы, қайратты,момын,ұстамды,сабырлы...

Қартқожа бейнесі өзіңе ұнады ма, жоқ па? Неліктен?




Қартқожа бейнесі арқылы өзіңнің болашаққа түйген түйінің.




«Менің Қартқожа жайлы білетінім»





2-қатар Шығарманы модельдеу

І бөлім. Шығарма тақырыбы:

ІІ бөлім. Шығарманың идеясы:

ІІІ бөлім. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер:

ІV бөлім. Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер:

V бөлім. Шығарма жазылған әдеби бағыт:

VІ бөлім. Шығармада суреттелетін салт дәстүр:

VІІ бөлім. Қолданылған мақал-мәтелдер:

VІІІ бөлім. Басқа тілден енген сөздер:

ІХ бөлім. Шығарма құрылысы:

1.Басталуы 2.Байланысуы 3.Дамуы 4.Шиеленісуі 5.Шарықтау шегі 6.Шешімі.


3-қатар «Менің мақсатым...»(ойтолғау)
«...Әсіресе, өз елі, өз ауылы қандай болды екен? Соларды көрсем,көмегімді берсем,сонда менің жетілгендігім,жетілгендігімнің пайдасын көргенім.Әйтпесе мен не үшін,кім үшін оқып жүрмін? Өз басымның қамымен кетсем,менің оқығанымнан елге не пайда? » (Қартқожа пікірін негізге алу)

VI. Жаңа сабақты қорыту



Байқоныр қаласы

Қ.Қ. Тоқмұхамедов атындағы жалпы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет