Әдебиеттік оқу
(3-сынып)
Тантаева Қарлығаш Сериковна
Алматы қаласы, Алмалы ауданы,
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: ЖЕМІС БАҒЫНДА
Сабақтың мақсаты:
Адам және табиғаттың байланысты екендігін пысықтау.
Жыл мезгілдері, күз мезгілінің байлықтары, соның ішінде жеміс бағы туралы түсініктерін кеңейту.
Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге, шығармашылықпен ойлануына ықпал ету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғауға, жасыл өсімдіктерді күтуге тәрбиелеу. Жасыл ағаштардың адам өміріндегі маңызын тереңірек ұғындыру.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Көрнекіліктер: Алма түрлері және суреті, таблицалар, карточкалар, ватман қағаз, жыл мезгілдеріне байланысты сюжетті суреттер, кітаптар т.б. заттар.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, математика; өмірмен, қоршаған ортамен байланыс, халық педагогикасын пайдалану, көрнекілік қолдану.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аударту.
а) жұмбақ өлең оқу (жауабы: күз).
ә) күз туралы суреттер көрсету, әңгімелеу.
ІІ.Өзектілігі: “Орман суреттері” әңгімесін мәнерлеп оқу, суретін салу, әңгімелеу. Борсық, қоян, тиінді суреттеу тапсырылған. Жеке оқушылар сұралады. Салған суреттері қабырғаға ілінеді (жыл мезгілдері туралы Абайдың өлеңдері сұралады, табиғат лирикасына арналған).
Жаңа сабақ: Татар халық жазушысы Н.Базиденнің “Жеміс бағында” атты әңгімесін оқимыз. Тақтаға жазу.
Ой қозғау: Сюжетті суреттермен жұмыс. Балалар жаңа сабақты бастамас бұрын сурет туралы ой қозғайық. Бұл қай мезгілді білдіріп тұр? Қазір қай мезгіл? – Күз мезгілі. Күз мезгіліндегі заттарды атату. Күз – берек, байлық деу себебіміз не?
Неге алтын күз дейміз? Табиғаттағы құбылыстарды айтқызу, орман, тоғай, бау-бақшадағы өзгерістерді айту. Табиғат пен адамның байлынысн атап өту. Пәнаралық байланыс.
Жыл мезгілдері туралы қандай тақпақтар білесіңдер? Абай атамыздың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін еске түсіру, жарыс ретінде айтқызу. Енді тақтамен жұмыс.
- Жеміс бағында не өседі?
- Жеміс ағаштары өседі.
Ол бау, бақша болып бөлінеді. Салыстыру кестесі бойынша салыстыру. Бай, бақшаның айырмашылығы неде?
Жұмбақтар жасыру.
Тақтаға сюжетті суреттер ілу, пысықтау.
Диалог: Сұрақ-жауап.
Түртіп алу жүйесімен жұмыс істеу: +, ?, v, – белгілерімен сөздік жұмыс жүргізу, өздерінен сұрату, жауап алу, оқушылар түсінбеген сөз, сөйлем, сөз тіркестерін сұрайды, бір-бірімен ой бөліседі.
Топпен жұмыс: (Ой толғаныс). Карточка таратылады.
І топ: Жыл мезгілдері туралы не білесің?
ІІ топ: Бауда қандай жеміс ағаштары өседі?
ІІІ топ: Алма бауының күзгі көріністерін суретте.
ІV топ: Алма жинау, еңбек ету, көктем туралы айтып бер.
V топ: Қандай алма түрлерін білесің?
VІ топ: Жеміс-жидектердің қандай пайдасы бар?
Топпен жұмыс жүргізіп болған соң топ басшысы т.б. оқушылар жауап береді. Енді Sinkuein (5 жолды өлең) тақтаға алманың суретін ілу, таблицаны т.б.
Не? – Алма.
Үйге тапсырма: Өздері жақсы көретін жемістерінің суретін салу, сол туралы шағын әңгіме, өлең т.б. жазып келу.
Сабақты қорыту. Жұппен жұмыс, жалпы ортақ ойды тақтаға ақ ватман қағазға жазамын. Жалпы жасыл өсімдіктердің пайдасы туралы айту, қорыту. Жұмбақ жасыру.
Еңбексүйгіштікке, қарапайымдылыққа.
Шыдамдылыққа, төзімділікке, қанағатшыл болуға үйретеді
Достарыңызбен бөлісу: |