Сабақтың тақырыбы: «Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері»



Дата20.02.2023
өлшемі28,92 Kb.
#169551
түріСабақ
Байланысты:
10-сынып
срс 2 русский, 1547032433, 8схими . № 2 жб, БӨЖ 1

Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері».

Бөлім:

10.3 Эволюциялық даму және селекция негіздері.
Тірі ағзалардың көптүрлілігі

Педагогтің аты-жөні:

Баймуратова Ж.А

Күні:

20.02.2023 ж

Сыныбы: 10

Қатысушылар саны: 9 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.1.1.1 - Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерінің маңызын біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Абиогенді синтез деген не?
2. Тіршілік ұғымына анықтама беріңдер.?
3. Ареология деген не?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады

Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Тіршілік жер бетінде мәңгілік теориясын сипаттайды.

Видеоролик




Қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Дұрыс жауапты таңдайды.
1 «Тіршілік өздігінен пайда болды» деген теорияға қарсы шыққан ғалым.
А) Луи Пастер
Ә) Франческо Редди
Б) А.Левенгук
В) Аристотель

2. Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы дұрыс гипотезаны 1922-1924 жылдары кім ұсынды?


А) Джон Холдейн
Ә) Стенли Миллер
Б) Джон Тиндаль
В) А.И.Опарин

3. 1925-1929 жылдары Опариннің ойын әрі қарай дамытқан ағылшын биологі


А) Джон Холдейн
Ә) Чарльз Дарвин
Б) Джон Тиндаль
В) Аристотель

4. Луи Пастердің тәжірибесіне ұқсас Англияда қандай ғалым тәжірибелер жасады?


А) Джон Холдейн
Ә) Джон Тиндаль
Б) Эрнст Геккель
В) Чарльз Дарвин.

Дескриптор: Жалпы - 6 балл
Тапсырмалардын дұрыс жауаптарын таңдап, ғалымдардың еңбектеріне сипаттама береді.

ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!
Жақсы!
Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет