Сабақтың тақырыбы: жергілікті жерді бағдарлау. Сабақтың мақсаты


-топ. Ережені есіңе сақта!



бет2/2
Дата17.04.2017
өлшемі466,54 Kb.
#14010
түріСабақ
1   2

3-топ. Ережені есіңе сақта! Азимут магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0º-тан 360º-қа дейін есептелінеді.

Картада және планда арнайы бағытпен солтүстік көрстілмесе,онда жоғарғы жағы солтүстік,төменгі жағы оңтүстік,оң жағы шығыс,сол жағы батыс.



Қызылорда қаласының планынан біздің мектептің тұрған орнын анықтаңдар. Тұсбағдардың көмегімен мектептен вокзал қай бағытта,қандай азимутта орналасқанын анықта.№15-слайд



ІV.Жаңа сабақты бекіту. «Кім жылдам?» ойыны.№16-слайд

1.Ортаға 4 оқушы шығады.Ойша бетіңді солтүстікке қарат.Сонда арт жағың.......,сол жағың.....,оң жағың....., балалардың есінде қалғанша жаттығу жасату.

2.Жердің солтүстік полюсінің үстінде бағдар беретін қандай жұлдыз орналасқан?№17-слайд

3.Сырдария өзенінің қай бағытта ағып жатқанын қалай білуге болады?№18-слайд



V.Қорыту,бағалау.№19-слайд

Әр топ бағалау парағын толтырып өткізеді.

Бағалау парағы


Топтағы оқушының аты-жөні

Талдау жұмысына

белсене


қатысуы

Орындалған тапсырмалар-дың

бағасы


Қосымша сұрақтарға жауап беруі

Басқаны тыңдай және тыңдата білуі

Қоры-тынды баға



















++ жоғары

+ орташа


-- төмен

VІ.Үйге тапсырма. 1).§7 оқу .2).3-тапсырма.



Ашық сабақ
Тақырыбы: Азияның жетекші елі-Жапония

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: дамыған әлем елдерінің көш басында келе жатқан Жапония мемлекетінің географиялық жағдайы мен геосаяси жағдайының ерекшеліктері,мемлекеттің құрылысы,табиғат жағдайы және ресурстары,халқы,қоныстану ерекшеліктері,

урбандалу дәрежесі туралы білім беру.



Дамытушылық:Жапонияның географиялық орнының ерекшеліктері,мемлекеттің қалыптасуы және мәдениетінің дамуы туралы білік-дағдыны қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту,оқулық материалдарына сүйене

отырып,климат жағдайларының басты ерекшеліктерін сипаттай білуге,халқы туралы көрсеткіштер атты диаграмма сызуға үйрету,қосымша ақпарат көздері арқылы Жапония мемлекеті туралы білімдерін одан ірі дамыту.



Тәрбиелік:Экономикалық,экологиялық,эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі:дүние жүзінің саяси картасы,жарты шарлардың физикалық картасы,Жапонияның физикалық картасы,электронды оқулық,слайдтар.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы.

Пәнаралық байланыс: тарих,математика.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Оқушыларды түгендеу.

3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

(Тест сұрақтары алынды)



ІІІ.Жаңа сабақ.№1 слайд

1.Қызығушылығын ояту. № 2 слайд
1.) Сабақ «Үлкен жетілік», «Азия мемлекеттері», «Орталық және Шығыс Азия мемлекеттеріне қандай елдер жатады?»деген сұрақтарға жауап алудан басталды.

2.)Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту үшін



«Дамыту картасын» толтыру тапсырылды.№3 слайд

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім?

Аралдық мемлекет,

машина,электротехн-

ника түрлерін шығарады.


«Күншығыс елі»деп неге аталған?жер бедері,діні ,ақша бірлігі қандай?табиғат

байлығының түрлері,

туризм қалай дамыған?

Ғылыми-техника неліктен жақсы дамыған?






(Кестенің 1-2бөлімін толтыруға 5 минут уақыт берілді,3-бөлімін жаңа сабақты тыңдаған соң толтырды)
2.Мағынаны тану.

Мемлекеттің қалыптасу тарихы


Жапония Табиғат жағдайы,ресурстары

Халқы


1.Электронды оқулық,слайдтар арқылы тақырыптың мазмұныны баяндалды.

Жапония-«Күншығыс елі».Жер көлемі-372 мың шаршы шақырым,халқы-127 млн.адам,астанасы-Токио қаласы,мемлекеттік тілі-жапон тілі,ұлттық валютасы-жапон иені.

Басқару формасы-Конституциялық монархия.

Әкімшілік бөлінуі-47 префектур,14 округ.

Жапония-төрт ірі және 4 мыңдай ұсақ аралға орналасқан архипелаг ел.Табиғат байлығына кедей болса да,жағалауға өте бай.Азияның қиыр шығысында орналасуы «Күшығыс елі» деп аталуына себепші болған.

Жапония-бір ұлтты ел,халықтың 99пайызы-жапондар.

Қалғандары- қытай,корейлер,айндар.Олар үлкен қалаларда тұрады.Жапон тілі -өте ерекше тіл,ол бірде-бір тіл әулетіне жатпайды.Жапон жазу үлгісі де өте күрделі,онда иероглифтер де,буындық әліппе де пайдаланылады?

Елде негізгі екі дін бар-синтоизм және буддизм.

4 слайдЖапония –жоғары сауаттылық елі,мұнда балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісіне жас кезден –ақ зор көңіл бөлінеді.Жапонияда «білім беру-ғылым-өндіріс» жүйесі жоғары дәрежеде қалыптасқан.Сондықтан Жапонияда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстармен айналысатын университеттер саны 400-ден асады.Цукуба қаласының өзінде 52-сі орналасқан.

3.Ой-толғаныс.

1.) Оқулықпен жұмыс.



«Жигсо»әдісі. (рөлдік,топтық жұмыс). № 5слайд

І-топ Жапонияның мемлекетің қалыптасу тарихы.

ІІ-топ Жапонияның табиғат жағдайы,ресурстары.

ІІІ-топ Жапонияның халқы.

(әр топ оқушылары өздеріне берілген тақырыпты талқылап,бірін-бірі саралап бағалады.)

2.)Дәптермен жұмыс.

Ірі қалаларын тауып,аттарын жазды,экономикалық белсенді халықтың үлесі туралы диаграмма сызды.№6 слайд

3.) Картамен жұмыс.

Ірі қалаларын тауып,кескін картаға түсірді.

ІV.Сабақты бекіту.

«Дамыту картасының»3-бөлімін толтырды.
V.Қорыту. 1.«Раунд-Робин» (мұғалім тарапынан диалогқа шақырылып,оқушылардың пікірлері тыңдалды).№ 7 слайд

1)Жапондар білім берудің аса жоғары сатысын меңгерген.

2).Жапондар тұрмыс-салт ережелерін берік сақтайды.

3)Жапон мәдениеті және табиғат құбылысы.

4)Жапондар экономикасының секіріс жасауы.

5)Болашақта Жапон мемлекетінің географиялық орны сақталмауы мүмкін.



VІ Бағалау. (өзін-өзі бағалау парағы бойынша)№ 8слайд

VІІ.Үй тапсырмасы:1.§23 оқу № 9 слайд

2.Картамен жұмысты аяқтау.

3.«Жапон халқының тұрмысы мен салт-

дәстүрлері», «Жапония-экономикасы



дамыған ел» тақырыбында ізденіс жасау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет