Оқушылар алдыңғы сыныптарда сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда меңгерген командалық ойындарға қатысу тәжірибесіне ие.
САБАҚ БАРЫСЫ
Сабақ кезендері:
Сабақтағы іс-әрекеттер:
құрал жабдықтар (ресурстар)
Сабақтың басы: 10 мин
Оқушыларды сапқа тұрғызып сәлемдесу, түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқушылар өздерін қалай сезініп тұрғандарына аса мән беру. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
Оқушыларға бүгінгі сабақ мақсатына байланысты сұрақтар қою (миға шабуыл)!!! Слайдтар мен жұмыс орындау.
Командалық ойындарда не үшін тактикалық амалдарды қолданамыз?
Тактика амалдар қаншалықты маңызды?
Командаларда тактиканы кім ұсынады?
Үлкен және кіші футболда қандай тактикалық комбинацияларды білесіңдер?