Тақырыпқа байланысты академиялық тіл мен қосымша тілді дамыту. Оқушылар ойынға байланысты негізгі термин сөздерді үш тілде білуі, жаза алуы және қосымша тіл арқылы ашып түсіндіре алуы.
Құндылықтарды дарыту:
Оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтарын арттыру, ойын барысында әділ болуға баулу. Топпен, жұппен жұмыс барысында оқушыларға ынтымақтастық, достық, адамгершілік қасиеттерін дарыту.
Академиялық әділдік, басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу. Білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды.