Тілдік мақсаттар
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: Есім хан, Жиембет, Жолымбет, жыраулар поэзиясы, жыр, жыршы, толғау.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Орхон-Енисей жазбалары қай ғасырда табылды?
2. Көне түркілердің руна жазуын ең алғаш оқыған кім?
3. Орхон- Енисей жазбаларындағы қазақтың жыраулық дәстүріндегі Бұқар жыраудың бейнесін еске түсіретін кімнің бейнесі?
4. «Көк түркінің семсері» атағын алған кім?
5. «Күлтегін» жырының басты идеясы?
6. Түпнұсқаны қазақша жырлаған ақын
7. Қай жылы Күлтегін ескерткішінің дәл көшірмесі Қазақстанға әкелінді?
8. Күлтегін кім?
9. «Мәңгілік ел» дегеніміз қандай ел?
10. Мәңгілік елдің ұрпақтары қандай болу керек?
11. Жырда Күлтегін қанша жасында қайтыс болады
12. Түркілерге қандай халықтар жатады?
|
Сабақтың басы
|
Оқушылармен амандасу.
Сыныпты түгелдеу.
Өткен сабаққа шолу.
Ж
«Сиқырлы қобдиша» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар таратып беремін және «лүпіл» беріп, ауызша мадақтау арқылы кері байланыс беріп кетемін. (Талқылауға арналған сұрақтар қойылады)
1.Орхон-Енисей жазбалары қай ғасырда табылды? (17)
2. Көне түркілердің руна жазуын ең алғаш оқыған кім?
(1893 жылы Вильгельм Томсен)
3. Орхон- Енисей жазбаларындағы қазақтың жыраулық дәстүріндегі Бұқар жыраудың бейнесін еске түсіретін кімнің бейнесі? (Тоныкөк)
4. «Көк түркінің семсері» атағын алған кім? (Күлтегін)
5. «Күлтегін» жырының басты идеясы? ( Күлтегін батырды Түркі қағандығының құдіретті тұлғасы ретінде көрсету)
6. Түпнұсқаны қазақша жырлаған ақын (Қадыр Мырза Әлі)
7. Қай жылы Күлтегін ескерткішінің дәл көшірмесі Қазақстанға әкелінді? (2000)
8. Күлтегін кім? (әскербасы)
9. «Мәңгілік ел» дегеніміз қандай ел?
10. Мәңгілік елдің ұрпақтары қандай болу керек?
11. Жырда Күлтегін қанша жасында қайтыс болады (47)
12. Түркілерге қандай халықтар жатады? (қазақ, ұйғыр, түркімен, башқұрт, қырғыз, татар, чуваш, сахат, қырым татарлары т.б.)
Мадақтау түрлері:
Жақсы!
Жарайсың!
Өте жақсы!
Ашық ой!
Теңеу жоқ!
Өте ғажап!
Тамаша!
Тамаша айтылды!
Жоғары деңгей!
Тамаша бастау!
Теңеу жоқ!
Мен күткеннен де жақсы!
Оқушыларды топқа бөлу
«Пазл» әдісі арқылы сынып үш топқа бөлінеді. Пазлдарды құрастыра отырып, оқушыларда жырау, жыршы, жыраулар поэзиясы туралы ұғым қалыптасады.
І топ- Жыраулар поэзиясы
ІІ топ- «Жырау»
ІІІ топ- «Жыршы»
Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды. Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара т.б. жыраулар өз толғауларымен жұртқа дем берген. Жыраулық поэзияда толғау кеңінен қолданылады. Толғау- көшпелі өмір кешкен халықтың өмірлік түйгендерін төгілте айтуға ең ыңғайлы жанрдың бірі.
Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы – туған елі,оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі.
Жырау — өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. «Жырау» сөзі «жыр» деген сөзден шыққан.Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар Жыраулар өз заманындағы нағыз халық жанашырлары бола алды. Олар жыр шығарып, толғау айтып, тек өнер иесі ғана болып қойған жоқ, жаугершілік заман болып, ел басына күн туған кезеңдерде атқа қонып, жауға аттанған батыр, қолбасы болды.
Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Жыршы жыраулармен бірге өмір сүрген және оған дейін де болған. Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше. Себебі бүкіл жыраулар поэзиясы болсын, эпостық жырлар болсын — халық ауыз әдебиетінің барлық үлгісі осы жыршылар арқылы жеткен.
|
Қобдиша
Сұрақтар жазылған парақшалар
Жүрекшелер
Пазлдар
Топ аттары
|