Сабақтың тақырыбы Жиембет жырау «Еңсегей бойлы ер Есім» толғауы



бет2/2
Дата31.01.2018
өлшемі1,36 Mb.
#37271
түріСабақ
1   2

Сабақтың ортасы

С

Оқушыларға интерактивті тақтадан Жиембат жыраудың өмірі туралы видео көрсетемін. Оқушыларға видеоны мұқият тыңдау қажет екендігі ескертіледі.



Тыңдалымнан кейін «Ашық микрафон» айдары арқылы тыңдалым материалы бойынша сұхбат жүргіземін.

  1. Жиембеттің өмір сүрген кезеңі

  2. Қай ханның биі болған?

  3. Жиембет кім?

  4. Жиембеттің жас күнінен Есім ханның ақылшысы болған қай толғауынан көруге болады?

  5. Жыраудың інісі кім?

  6. « Жолбарыстай Жолымбет, Құрбандыққа құл емес» деп баян ететін толғауы.

7.Жиембеттің өмірінің соңы қалай өтеді?
Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан білу мақсатында «Ой қозғау» әдісін пайдаланмын.




Юморлық образ - күлкілі кейіпкер: юмор - өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сəулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ. Ал күлкілі əешейін жеңіл желпі нəрсе деуге болмайды. Күлкіде зор қоғамдық сипат, əлеуметтік сыр жатады.

Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман əдебиетіндегі адам образының ерте замандардан күні бүгіге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі. Қай халықтың сөз өнері болсын, оның ең байырғы түрлерінің бірі – ертегі десек, сол ертегі түгелге жуық қиялға негізделген ертегілердің адам бейнелерінің көбінде қиял-ғажайып сипат болатыны мəлім. Бұл да фантастикалық образдың көнелігін байқатса керек.

Трагедиялық образ - əдебиетте тым ертеден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңа, адам мен қоғам, адамдық пен жауыздық арасындағы ымырсыз күрестен, бітіспес тартыстан, қайшылықтан, соның өзінде де мейлінше асқыққа, адам жеңіп болмас ауыр, азапты жайларды əдеби шығармада терең жəне шебер жинақтаудан туады.

Трагедиялық қаһарманның өмірі көбіне өліммен аяқталып отырады.

Геройлық (қаһармандық) образ – адамға тəн небір тамаша сипаттардың жинақталуынан тұратын сом тұлға, өз дəуірінің ең аяулы, ассыл мұраттарынан туған тарихи тегі. Əдлебиеттегі қаһармандық дегеннің өзі- қоғамдық, адамдық биік мақсат жолындағы өрлік пен ерлікті, қайсарлықпен қаһармандықты жырлау. Адам рухының ұлылығын қастерлейтін əдебиеттегі геройлық сөз өнерінің ең сұлу қасиеттерімен біртұтас. Бұл ретте қаһармандық образ - суреткердің ең биік идеалының жəне аыыл мұратының көркем жинақталуы.

Қаһармандықтың қайнар көзі көп жəне əр алуан. Əлеуметтік теңсіздікке қарсы күрес, туған елді жаудан қорғау, халықтың азаттығы жолындағы ассқақ əрекеттер, адамгершілік ардың тазалығы үшін тартсы, əділдік пен шындық, достық пен махаббат жолындағы харакеттер.

Қаһармандық образ – еңбек пен күрес адамының көрінісі. Əдебиеттегі ең көрнекті типтік биік үлгісі сөз өнеріндегі қаһарандқ дегеннің орасан зор тəрбиелік мəні де осында жатыр.
Т

1-топқа: «Еңсегей бойлы ер Есім» толғауын беру. Мазмұнын айту.


Бағалау критерийі

Дескриптор

«Еңсегей бойлы ер Есім» толғауының мазмұнын айтады

  • өз көзқарасын танытады.


2-топқа: «Салыстыру аймағы»


Салыстыру аймағы

Ұқсастық

Ерекшелік

Кейіпкерлердің типтері

Есім хан










Жиембет













Бағалау критерийі

Дескриптор

Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды


  • кейіпкер образын ажыратады;

  • жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды;

  • ойын мысал келтіру арқылы дәлелдейді.

3-топқа: «Сәйкестендіру» әдісі


Еңсегей бойлы ер Есім,

Есім сені есірткен

Есіл де менің кеңесім


Теңеу

Тал шарбаққа мал сақтап,

Тас қалаға жан сақтап,

Тасқан екен мына хан!


Ассонанс

Жұмыскерің мен едім

Сатып алған құлында.

Жүруші едім араңда,

Өзіңнің інің менен ұлыңдай



Аллитерация




Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды.

  • көркемдегіш құралдардың түрлерін нақты анықтайды;

  • қолданылу себебін түсіндіреді;





Интерактивті тақта

Микрафон

Оқулық

Кесте



Сабақтың соңы


Кері байланыс.

«3 қ»


Қызық ...

Қажет ...

Қиын ...

Үйге тапсырма: Үзінді жаттау





Қосымша ақпарат

Дифференциация-Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау-Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)










Ойлану

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары жүзеге асырымдыболды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты?)

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?



1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет