27.04.2015жыл Қазақ тілі 3-сынып
Сабақтың тақырыбы:Жыл бойы өткенді қайталау.Мәтін 6-10 жаттығу
Сабақтың мақсаты:а)Білімділік:Оқушыларға мәтін құрылымы,түрлері,тірек сөздер туралы алған білімдерін тиянақтауға,қайталауға,бекітуге мүмкіндік туғызу
ә)Дамытушылық:Оқушылардың өз бетіменжұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын,сөйлеу тілін дамыту
б) Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа,достыққа,адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,слайд,оқулық
Сабақтың түрі:қайталау сабағы
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,ойын,баяндау,түсіндіру
өзіндік жұмыс.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
-Сабаққа даярлық.Топқа бөлу
(Мәтін атаулары арқылы картатекаларды алу)
II.Ми гимнастикасы.Ширату
Күннің шығуы---
Мектептегі 45 минут---
Мемлекеттің бас қаласы---
Күшіңе сенбе,
Денсаулық--
III.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Жыл бойы өткенді қайталау.Мәтін 6-10 жаттығу
IV.Бағалау критерийлерімен таныстыру.
-Бағалау критерийлері
1.Үй тапсырмасын дұрыс орындау.
2.Ережелерді жатқа білу.
3.Мәтін түлерін білу.
V.Үй тапсырмасын тексеру,талдау.4-жаттығу
-Әңгімелеу мәтіні неше бөліктен тұрады.
-Берілген жоспар бойынша құраған әңгімелеу мәтінін оқыту,талдау.
(Қайта бағыттау сұрақтарына жауап беріп болған соң,деңгейлеріне қарай топқа бір-бірден ынталандыру үшін смайликтер таратады)
VI.Қызығушылығын ояту «Бұл не?» ойыны
-Әр топ үнтаспадан түрлі дауыстарды естіп,ненің дауысы екенін тауып,сипаттайды.
1-топ Жолбарысты сипаттайды
2-топ Теңіздің және құстарды сипаттайды
3-топ Маймылды сипаттайды
VII.Жан-жақты білімдерін тексеру.Оқулықпен жұмыс.Дәптермен жұмыс
Күн ретін жазу. 7-жаттығу Тірек сөздермен жұмыс . Мәтін құрау
Тірек сөздер—күнбағыс,жапырақтары,гүлі, дәндері, май.
Оқушыларға жазған мәтіндерін оқыту,талдау.
(Сұрақ қою.-Мәтінді қалай құрадыңдар?Қалай құруға болады екен?Мәтінді тағы қалай құруға болады?)(постер қорғау)(Топтар бірін-бірі бағалайды)
6-жаттығу Топтық жұмыс (ауызша)
1-топ.Бұл мәтіннің қандай түріне жатады?(дәлеледеу)
2-топ.Мәтіннің бөліктерін жоспары бойынша анықтап ат қою,мәтінге ат қою.
3-топ. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
(Барлық топ постер қорғайды)
8-жаттығу Топтық жұмыс (ауызша)
-Өлеңді түсініп,мәнерлеп оқу,мазмұнын ашатын сұрақтар қою,ат қою.Мәтіннің қай түріне жатады.
1-топ . 1-шумақ . 2-топ.2-шумақ.3-топ.3-шумақ
1.Өлеңде нетуралы айтылған?
2.Өлеңді кім жазған?
3.Отанды неліктен қастерлеп, қорғауымыз керек екен?
Бұл өлеңде пайымдау мәтінің бөліктерін байланыстырып тұрған көмекші сөз—өйткені сөзі.4-шумақты қарайық сызықша не үшін қойылған.
VIII.Сабақты бекіту
Суретпен жұмыс.Суретте не бейнеленген,салыстыру.(Құмырсқа мен шегіртке)-Балалар ең еңбекқор жәндікті білесіңдер ме?
9-жаттығу (ауызша)-Мәтінді дауыстап,түсініп,мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру.
«Бәйге» ойыны
-Мәтін деген не?
-Мәтін түлерін ата?
-Әңгімелеу мәтіні туралы не білеміз?
-Сипаттау мәтіні туралы не білеміз?
-Пайымдау мәтіні туралы не білеміз?
«Венн диограммасы»
Мәтін Сөйлем
Сөйлемдерден тұрады.-Әңгімелеу
-Сипаттау
-Пайымдау
Аяқталған ойды ілдіреді,
Сөздерден құралады,хабарлы,сұраулы
лепті болып бөлінеді.
Сөз,
Сөйлем
Тыныс
белгі
IX.Сабақты қорытындылау,бағалау.
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?-Олай болса,бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін анықтайық.Топ жетекшілері бағалау парақшасындағы ұпайларды айтып, сабақты критерийлеріне сай оқушыға жиынтық баға қойылады.
X.Үйге тапсырма беру.10-жаттығу.213 -бет
Достарыңызбен бөлісу: |