Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ
Топтық жұмыс
10 минут
Жұптық жұмыс
6 минут
Жеке жұмыс
12 минут
Сабақтың соңы
3 минут
|
«Бірге ойлаймыз» әдісі
Тақырып бойынша проблема-лық сұрақтар қою.
1.Қандай физикалық шама артқанда дене көп жылдамдыққа ие болады?
2.Қандай физикалық шама артқанда дене аз жылдамдыққа ие болады?
3.Жылдамдық және орташа жылдамдық формуласын қозғалыстың қандай түрінде қолданамыз?
4. «Формулалар сөйлейді» кестесін толтыру (қосымша 1)
Оқушыларға жұппен орындауға тапсырмалар беру.
1-жұп. Трамвай 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып барады. Осы жылдамдықты 1 секундтағы метрмен [ м/с ] өрнектеңдер.
2-жұп. А пунктінен В пунктіне дейінгі 2700 км-ге тең жолды реактивті ұшақ 1 сағатта ұшып өтті. Қайтарында ол 715 м/с жылдамдықпен ұшты. Қай бағытта ұшақтың жылдамдығы үлкен болды?
3-жұп. Ағысының жылдамдығы 0,5 м/с өзенмен жүзіп келе жатқан сал 15 км қашықтықты қанша уақытта жүріп өтеді?
4-жұп.Автокөлік жолдың бірінші бөлігін (30 км) 15 м/с орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың қалған бөлігін (40 км) ол бір сағатта жүріп өтті. Автокөлік барлық жолда қандай орташа жылдамдықпен қозғалды?
Құрылымдық тапсырма
(қосымша 2)
Рефлексия. «Спидометр» әдісі арқылы
Бағалау. 10 баллдық жүйе бойынша күнделікке бағалау жүргізу
Үй тапсырмасы. Тақырыпты оқу. 5-7 тапсырма. 46-бет
|
Оқушылар мәтінмен танысады. Топ ішінде талдау жасайды. Топ ішінде сұрақтарды талқылай отырып, берілген сұраққа өз ойларымен бөлісе отырып жауап береді.
Жылдамдық формуласын, өлшем бірлігін айтады. Формуланы түрлендіреді
Оқушылар жұптық жұмысты орындайды.
Жылдамдық формуласын есептеуге берілген есептерді шығарады. Дұрыс жауаптарын тексереді.
Оқушылар құрылымдық тапсырманы жеке орындайды. Жылдамдықтың формуласына, орташа жылдамдықтың формуласына берілген есептерді шығарады.
Оқушылар бүгінгі сабаққа кері байланыс береді. Спидометрдің шкалалары арқылы балл нәтижесін анықтайды.
|