Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Терморецептор, жылудың реттелуі, жылықанды, салқынқанды жануарлар,
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Майдың қалың қабаты сырттағы ... ішке өткізбейді.
Ақ аюдың жүні ... болғандықтан су жұқпайды.
Тері бетіндегі жүні жануардың денеден жылуды ... қамтамасыз етеді.
Қоршаған орта температурасы көтерілгенде тері асты қан тамырлары ..., іштегі жылу қанмен бірге ... келеді.
Құндылықтарды
дарыту
|
Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.
Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.
Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.
Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.
Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.
Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.
|
Пәнаралық
байланыс
|
Температураның өзгеруі, судың булануы туралы түсініктер арқылы химия, жылуды шашырату, температураның денедегі суға әсері туралы қарастыру кезінде физика пәнімен байланыс орнатылады.
|
Алдыңғы білім
|
Оқушылар терінің құрылысы, атқаратын қызметтері мен дене температурасын реттеудегі рөлі, тері сезімталдығы туралы біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақ қезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекеттер
|
Оқыту көздері мен ресурстар
|
Сабақтың басы
|
0-4 мин
|
Оқушыларға майлы және майланбаған екі түрлі қағазды стақандағы суға салып, қайта алып шығып, олардағы өзгерісті салыстыру тапсырмасы ұсынылады. Майлы қағазға су жұқпайды, ал майланбаған қағазға су сіңіп кетеді. Осындай қасиет жануарларда бола ма? Жануарлардың түкті жамылғысы майлы болуы ағза үшін қандай маңызы бар деп талқылау жүргізу қажет, қай кезде бұл қасиет жануарға қажет болады, және қандай жануарларда кездеседі деп сұрауға болады. Мұғалім бұл терінің қасиеті дей келе сабақтың тақырыбы мен мақсаттарына назар аудартады.
|
1 -2 слайдтар
|
Сабақтың ортасы
|
4-26 мин
|
Оқушылардан жылықанды жануарларға мысалдар келтіру сұралады. Мұғалім оқушылар жауаптарын толықтырып, олардың дене температурасын сақтауда тері маңызды рөл атқаратынын айтады.
Оқушыларға 6 түрлі станцияда қойылған ақпаратпен танысу тапсырмасы ұсынылады.
|