Ортасы
10 минут
|
Қолдану
Тәжірибе – 2. Стакандағы судың бетіне кастор майын қалыңдығы 1 см болатындай етіп құямыз. Ине алып оны стаканның дәл ортасынан майға батырамыз. Стаканның бүйіінен қарасақ ине әр бөлікте әр түрлі болып тұрғанын байқаймыз.
ІІІ. 1. Топтық жұмыс. Сематикалық карта. Сұрақ пен дұрыс жауаптың тұсына «+» таңбасын қояды.
Есеп шығару. Жеке тапсырма. Әр оқушыға бір – бір есеп беріледі.
Карточкалық тапсырма. Әр топқа тапсырма беріледі.
№1.Тереңдігі 2 м су қоймасының түбінде жазық айна жатыр. Жарық сәулесі судан өтіп айна бетіне түсіп шағылады.
Сәуленің су бетіне түсу нүктесінен су бетіне шығу нүктесіне дейінгі аралықты анықтаңдар. Жарықтың түсу бұрышы 30°, судың сыну көрсеткіші 1,33-ке
тең.
№2.Радиусы 35 см күміс жалатылған жазық–дөңес линзаның бетіне негізгі оптикалық оське параллель d= 5 см қашықтықтағы нүктеге жіңішке жарық сәулесі түседі. Сәуле сфералық беттен шағылған соң жұқа линзаның жазық бетінен шығады. Линзаның қалыңдығы өте аз деп есептеп, сәуле осьтен қандай аралықта шығатынын анықтаңдар.
Есеп: Бала таяқты тереңдігі 40 см бұлақтың түбінде жатқан нәрсеге тигізбекші болады. Егер бала дәл көздеп, таяқты су бетіне 45° бұрыш жасап қозғаса, таяқ нәрседен
қандай қашықтыққа түседі?
№4. Күн сәулелері жарықтандырып тұрған үй ұзындығы L=36 м көлеңке түсіріп тұр. Биіктігі h=2,5 м тік қада ұзындығы l=3 м көлеңке түсіріп тұр. Үйдің H биіктігін анықтаңдар.
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
Топтық жұмысқа арналған ресурстар
|