Қолдану Практикалық жұмысты орындау барысы:
Талдау «Ыстық орындық» орындық әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.
Денемен жұмыс істемей немесе дененің өзі жұмыс істемей тұрғандағы ішкі энергияның өзгеру процесі жылу берілу деп аталады. Анағүрлым көбірек қыздырылған дененің бөлшектерінің кинетикалық энергиясы көп болғандықтан, ол азырақ қыздырылған денемен жанасқанда, оның бөлшектеріне энергияны тікелей береді.
Жылу берілудің үш түрі бар:
1.жылуөткізгіштік. 2.конвекция 3.сәуле шығару
Жылуөткізгіштік
І шкі энергияның дененің көбірек қыздырылған бөлігінен дененің басқа азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей байланыс арқылы немесе аралық денелер арқылы көбірек қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп аталады Тәжірибе №1 (электронды оқулықпен) . Жылуөткізгіштік ерекшелігі:
- қатты, сұйық және газдарда жүре алады;
-зат өзінің орнын ауыстырмайды;
-әртүрлі заттардың жылуөткізгіштігі түрліше болады.
2.Конвекция • Жылу қондырғылары еденге жақын төменде орналасқанымен, бөлменің жоғары жағындагы ауаның температурасы әдетте төменгі жағынан жоғары болуының себебі неде? С ұйыққа немесе газға батырылған денеге жоғары бағытталған кері итеруші күш — Архимед күші әрекет етеді.
Конвекция дегеніміз — сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі.
Конвекция ерекшелігі:
-Сұйықтарда және газдарда болады;
-қатты денелерде және вакуумда болмайды;
-газдар мен сұйықтар өздерінің орындарын алмастырады;
-газдар мен сұйықтарда төменнен бастап қыздырады.