Сабақтың тақырыбы Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия



бет76/171
Дата27.01.2023
өлшемі7,65 Mb.
#166620
түріСабақ
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   171
Байланысты:
8 қмж физика

Қолдану
Жаңа тақырып төңірегінде тапсырмалар пайддалану үшін «Автобустық аялдама» әдісін пайдалану
Оқушылардың қабілеттеріне сай "Автобустық аялдама" әдісі бойынша әр топтың алдына сұрақ жазылған парақ беру. Олар жауап жазып келесі топқа жіберіп отырды.
Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді;
• Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды.
Қалыпты атмосфералық қысымда әртүрлі заттың қайнау температураларының мәндері анықталған.
Кейбір заттардың қайнау температурасы, оС
( Қалыты атмосфералық қысымда 105 Па)
сутек -253 су 100 сынап 357
Оттек -183 сүт 100 қорғасын 1740
эфир 35 спирт 78 мыс 2567
Алайда сұйыққа түсетін сыртқы қысым атмосфералық қысымға тең болмауы да мүмкін. Атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен болса онда су төменгі температурада қайнай береді. Биіктігі 5-6 мың метр Эльбрус шыңында су шамамен 800С- та қайнайды. Сұықтың үстіндегі қысымды жасанды түрде төмендетсек , онда кез келген температурада тіпті қату температурасында қайнайды. 32 гПа 25 оС су бөлме температурасында қайнайды. Ал сыртқы қысым 6 гПа болғанда , су 00С-та қайнайды.Судың төменгі қысымда қайнауын қант өнеркәсібінде қолданады. Қант ертіндісі бар болғаны бірнеше ондаған градуста бұрқылдап қайнайды.Қант сиропының күйіп кету қаупі болмайды және артық су тезірек бөлініп шығады.Керісінше судың бетіне аса жоғары қысым түсіре отырып , судың температурасын 1000С тан жоғары температурада қайнатуға болады. Автоклав құрылғысында тем-ра 200 0 С-қа дейін қызады.
Қайнау процесі үзбей жүру үшін оған үнемі сырттан энергия беру керек. Қайнаған сұйықтың температурасы өзгеріссіз қалады.Бірдей массадағы түрлі сұйықтарды қайнау температурасында буға айналдыру үшін әртүрлі жылу қажет болады. Заттардың булану қабілеттілігін сипаттайтын шама меншікті булану жылуы (r) деп аталады.
Меншікті булану дегеніміз- сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.
Q = rm (Дж кг)- өлшем бірлігі
Қалыпты атмосфералық қысымда қайнау температурасында әртүрлі сұйық үшін меншікті булану әртүрлі болып келеді.
Термодинамиканың І заңының математикалық өрнегі:

Жүйеге берілген жылу оның ішкі энергиясының өзгеруіне және жүйенің сыртқы денелермен істейтін жұмысына жұмсалады.


Қысым тұрақты, ал температура мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесті изобаралық процесс деп атайды.
Изобаралық ұлғаю кезінде газдың сыртқы күштерге қарсы атқарған жұмысы газ қысымын оның соңғы және бастапқы көлемдерінің айырымына көбейткенге тең.

(а-сурет) изобаралық ұлғаю кезіндегі газдың жұмысын график түрінде көрсетілуі.
Изобаралық процесс үшін термодинамикнаың І заңы:

Газдың көлемі тұрақты, ал температура мен қысымы өзгеретін термодинамикалық процесті изохоралық процесс деп атайды. (ә) –сурет.
Изохоралық процесс үшін термодинамиканың І заңы:

Температура тұрақты, ал қысым мен көлем өзгеретін термодинамикалық процесті изотермалық процесс деп атайды. (б) –сурет.
Изотермалық процесс үшін термодинамиканың І заңы:

Жылу алмасусыз жүретін процесті адиабаталық процесс деп атайды.
Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың І заңы:

Адаибаталық процесті графикте адиабата деп аталатын қисықпен көрсетуге болады:



А тобы
1. Неліктен өзеннен ыстық күні шомылып шыққанда тонамыз?


2. Далаға жайылған кір ашық желсіз күні тез кебе ме? Әлде желді күні тез кебеме?Неге?
3. 11 кг су буы конденсацияланғанда қандай жылу мөлшері бөлінеді?
4. 1000С-тан 00-қа дейін салқындатылған массасы 5 кг су қанша энергия мөлшерін бөледі? / Q= 21*105 Дж/
5. Ашық ыдыстағы судың қайнау температурасы 1000 С-қа тең , егер су тұмшалап жабылған ыдыста қыздырылса, қайнау температурасы өзгере ме?
6. «Аузы күйген үрлеп ішеді» деген мақалдың тұрмыс-тіршіліктегі мағынасы және физикалық тұрғыдан түсіндір.
7. Көсеуің ұзын болса, қолың күймейді дегенді физикалық 
тұрғыдан түсіндір.
8. «Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады,
Күн батқан соң суарған суды жер жұтады.» деген мақалдың мағынасын физикалық тұрғыдан түсіндір
Қосымша есептер жинағы
Б-тобы
№1
0 0С температурада массасы 10 г суды қайнағанға дейін ысытып, одан әрі оны буға айналдыру үшін қандай жылу мөлшері жұмсалады?
№2
0 0С температурадағы 2 кг мұзды ерітіп 20 0 С –қа дейін жылыту үшін қанша жылу мөлшері керек?(λ=3,4*105Дж/кг, c=4200 Дж/кг 0 С)
№1 С-тобы
-10 0С температурадағы 2 кг мұзды толығымен буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері керек? ( λ =3.4 *105Дж/кг,t 0= 00C, Cм =2100Дж/кг*0С, Ссу= 4200 Дж/кг* 0С, r= 2.3*106 Дж/кг)
№2
00 С-ғы 10 кг мұзы бар ыдысқа 900 С-ғы 3 кг су құйылды. Температура қандай болады? Мұз түгел ери ме? Түгел ерімесе , онық қандай бөлігі қатты күйде қалады? Ыдыстың жылусыйымдылығы есепке алынбайды.
(λ=3,3*105 Дж/кг, с= 4200Дж/кг 0С)

«Бірге ойлаймыз» әдісімен:


І топ- Термодинамиканың І заңы, 
ІІ топ- Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы І,ІІ абзацын,
ІІІ топ- Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы ІІІ,ІV абзацын топта меңгеріп, жұппен, топпен талқылап, постерге түсіреді, басқа топқа таныстырады Топтарда оқулықтың бетіндегі мәліметті пайдаланып газдың және будың жұмысы, термодинамика негіздерін өз сөзімен білдіріп анықтамасын шығарады, термодинамиканың І заңын тұжырымдап, мағынасын түсінеді Топтағы бағалаушы бағалау парағына топты бағалайды. 
Оқушылар өзін-өзі, жұпты, топты бағалайды 
Екі жұлдыз, бір тілек Маркер, плакат, схемалар, форулалар, стикер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет