Сабақтың тақырыбы: Жол ішінде жазу. Үзбей жазу. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



Дата10.02.2023
өлшемі45,82 Kb.
#168255
түріСабақ
Байланысты:
қаз.қаз.тілі




Пәні:

Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия

Педагогтің аты-жөні:




Күні:

16.03.2022ж.

Тобы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жол ішінде жазу. Үзбей жазу.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

білім алушылар алған білімдерін ақпараттарды дұрыс қолдана біледі

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Жол ішінде үзбей жазу. Сөз, сөйлем жазуды ажырата алады. Тақырыпқа байланысты берілген тапсырмаларды орындай алады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/
уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Cабақтың басы
(10 минут)

Сабақтың ортасы
(55 минут )

Ой, балалар, балалар!
Жылы-жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты...


Ж.Аймауытов

Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан мұғалім баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті“


М.Жұмабаев
«Ой қозғау» стратегиясы бойынша қане қаншасын білеміз атап атайық...


Бенджамин Блум  – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы.
Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру, талдау, жинақтау, жіктеуді айтады. Яғни біздің пәніміздің соңғы сабақтарының бірі болған соң осы..... Блум таксономиясы арқылы сабағымызды жүргіземіз
Бұл әдіс «Қарапайымнан күрделіге қарай» 6 сатыдан тұрады
1) Білім
2) Кіріспе /түсіну/
3) Қолдану
4) Анализ /талдау/
5) Синтез /жинақтау/
6) Бағалау /сынау, баға беру/


Білім. Өткенге шолу.
-Бір үзіліспен жазылатын әріптер;
-Үзіліссіз жазылатын бас әріптер, кіші әріптер;
-Негізгі, қосымша әріп элементтері;
-Жазуға үйрету үшін қажетті жағдайлар;
-Бас, кіші әріп элементтері;
-Әріп элементтерінің өзара қатысы мен байланысы;
-Қолды жаттықтыру үшін берілетін жаттығулар;
-Негізгі, күрделі әріп элементтері;
-Әріптердің топтасуы дегеніміз не?


Кіріспе /Түсіну/ Жол ішінде жазу. Үзбей жазу. Сөз, сөйлем жазу.
1.Оқушыларды дұрыс отырғызу.(партада дұрыс отыру ережесін көрсету, жарықтың түсуі)
2.Оқушыларды жазуға даярлау. (дәптердің партада орналасуы)
3.Калиграфиялық талаптар жүйесін түсіндіру.
4.Қалам ұстау дағдысын түсіндіру (оң қол және сол қол)
5.Жазуға үйрету барысында қолданылатын әдістер.
6.Жазу жұмысын жақсарту үшін оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын біріңғай арнайы талаптар: оң қолды жоғары көтеріп ауада жазу қолды жаттықтыру;
7.Екі сызықты жол ішінде жазу.
8.Бас әріппен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза, әдемі жазу.
9.Үзбей жазу дегеніміз сөздегі әріптерді қолды алмай сөзден бір ретте жазу: үзбей жазу, әріп элементтерін, әріптерді байланыстыра жазу. (сөздерді жазып көрсету)
10.Сөз дегеніміз не? Сөйлем дегеніміз не?
11.Берілген сөздерді қолдана отырып сөз, сөйлем жазу.
12.Оң қол мен сол қолдың еркін қозғалысына арналған жаттығуды жасату.


Қолдану. «Көңіл күй айнасы» (тыныштық сәті) Жаттығулармен жұмыс
Аа, Нн, Ғғ, Рр т.б.


«Анализ» /Талдау/
«Жақсылық тамшысы» Шығармашылық кезең
Жалпы мұсылман жұртына ортақ, жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, біздің қазақ-қырғызда жалғыз-ақ мейрам бар, ол-Наурыз.
«Мен жазушымын», «Наурыз», «Мен суретшімін», «Суреттер сөйлейді»
«Поэзия минуты»
................ағашы,
................алмасы
.................тауы бар,
.................даласы
«Суырыпсалма»
_________ тер,
_________бер.
_________жүр,
_________біл.
_________күлме,
_________мүлде

Қане бәріміз ортаға шығайық...

Өткен тақырыпты еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді


Әңгімеде берілген сөздерден сөйлем құрап жазады.

«Мен әдемі жазамын» Тақтамен жұмыс, дәптермен жұмыс
Өз бетінше берлген тапсырмалармен жұмыс (дамытушылық, сөздік қорды пайдалану арқылы)

(өнер жарысы сөз ұйқас бойынша өлең шығару)






«Үш шапалақ» әдісі арқылы бағаланады.

Бес балдық баға бойынша әр білім алушы өзін бағалап отырады сабақтың соңында қорытындылаймыз


«Үш шапалақ» әдісі арқылы бағаланады.


К еремет! Жарайсың!


К еремет! Жарайсың!

Оқулықтар


Суреттер

Көркем жазу кестесі


https://www.youtube.com/watch?v=N6wiAwqYMYU


(көркем жазу бейнеролик)

https://youtu.be/XLMgVBCAh8U


Бейне
ролик




Сабақтың
соңы
(15 минут)

Сабақты бекіту. Сентиз /жинақтау/
«Ашық микрафон» әдісі

  1. Жол ішінде жазу дегеніміз не?

  2. Жазуға қойылатын қандай талаптар бар?

  3. Үзбей жазу дегеніміз не?

  4. Партада дұрыс отыру не үшін керек?

  5. Оқушыны неге көркем жазуға даярлаймыз?

  6. Қаламды не үшін және қалай ұстап үйреткен дұрыс?

  7. Жазуға үйрету барысында қолданылатын әдістер.

  8. Көлбеу, таза, әдімі жазу дееніміз не?

  9. Үзбей жазуды қалай орындауға болады? Тақтада көрсету

Қазіргі заман мұғалімі білімді, білікті, ісмер, жан-жақты, талапшыл, мейірімді, қамқор, бағыттаушы, бағыт беруші және бақылаушы...


Ізденуші ғалым деп те айтуға болады

Білім алушылар бір бет қағаз алайық барлығымыз...


Өткенді ұмытпай жақсыны меңгерген адам ғана ұстаз...
Бағалау /баға беру/
40-45 ұпай «5» өте жақсы
30-35 ұпай «4» жақсы
20-25 ұпай «3» орташа


Үйге тапсырма
«Мамандығым мақтанышым» тақырыбына мәтін құрау. Соның ішінде екі сөйлемді үзбей жазып келу. Еежелерді есте сақтау.

Сұрақтарға жауап береді
Сабақтан алған әсерлерін айтады

Алған ұпайларын есептеп екеу ара бағаланады



Ындаландыру арқылы бағалау







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет