Тақтада Қызыл – Тоқта !
Сары – Сақтан !
Жасыл – Жол ашық!
1-оқушы : Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем баспа алға !
2-оқушы : Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға !
3-оқушы: Жасыл көзін ашқанда ,
Өте бергін , жасқанба !
Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
Ән: Бағдаршам 1. Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата – ана .
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Қ- сы : Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін .
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман !
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап
Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»
Инспектор : Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,
Ауырса адамды, аңды да емдейді .
Отырған мынау Медбике апаға
Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?
(Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)
Инспектор : Апа, қараңыз мына сұмдықты ,
Маймақты кім қыңжылтты ?
Мед.бике:_Маймағым,_не_болған_өзіңе,_Көкпеңбек_ісінген_бас_–_көзіңде__Аю'>Мед.бике: Маймағым, не болған өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?
Аю: Айтайын мен жасырмай шынымды – ай,
Сақтап қал , апа жанымды шыбындай.
Жармасып бал тасыр машина үстіне
Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
Мед.бике: Бір асар тәтті бал үшін,
Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін.
Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят – ақ,
Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !
Аю. Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!
Мұғалім : – Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\
Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.
Инспектор Көреген, дәу қырағы.
Көшемізде тұрады.
Оның аты – бағдаршам,
Жол сілтейді әрқашан.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда.
Бағдаршам Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.