Сабақтың тақырыбы Жолы болғыш үшеу Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата11.03.2022
өлшемі24,95 Kb.
#135280
түріСабақ
Байланысты:
22 қмж
dist-03-4, 12.11.2021, практика есебі

Бекітемін
Оқу ісінің меңгерушісі_______________________________________



Бөлім : 7-бөлім:



Көлік және жол белгілері

Мектеп

№274

Мұғалімнің аты-жөні:

Қырғызбай А

Күні:

22.02.2021ж

Сынып: 5 «А»

Қатысушылар саны: 24
Қатыспағандар саны:- жоқ

Сабақтың тақырыбы

Жолы болғыш үшеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.4.1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау
5.4.2.2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану

Сабақтың мақсаты

тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды;
мәнмәтін аясында зат есімнің мағыналық түрлерін жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады;

Бағалау критерийі

тірек сөз және жетекші сұрақ арқылы негізгі ойды табады;
зат есім түрлерін жалғаулар арқылы түрлендіреді.

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті



Бағалау

Ресурстар

Сабақ
басы
5 минут

Сәлемдесу. Жағымды ахуал орнату.
Оқушыларды сәттілікке бағыттау.
Үй тапсырмасын сұрау, пысықтау.
Ыстық орындық🪑 ” әдісі арқылы оқушыларға қайталау сұрақтары қойылады.

Үй тапсырмасын оқиды

Мадақтау
⭐️⭐️✏️
“Екі жұлдыз,
бір тілек”

дереккөздер, қазақ т. 5-сынып

Сабақ
ортасы
30 минут

Жаңа сабақтың тақырыбы және бағалау критерийлерімен таныстырылады.
Бүгінгі сабақта меңгеретіндерің:
Ағайынды үш жігіт туралы білетін боламыз, зат есімнің жасалу жолдарынмен таныс боласыңдар.


Оқылым/айтылым тапсырмалары.
1-тапсырма
1.Ертегі мәтінін оқыңыздар.
(148-б.1-тапсырма). Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтаңыздар.
2. Дұрыс жауапты белгілеңіздер.

  1. Әкесі үш ұлына бағалы заттар/ қарарайым нәрселерді береді.

  2. Әтешті көрмеген арал халқы уақытты ажыратуды/ ауа райы туралы ештеңе білмейді екен.

  3. Бидайды шалғымен орғанда, халық қорқып кетеді/ таңғалады.

  4. Аралда тышқандар түнде/ күндіз өріп жүреді екен.

3.Қарамен берілген сөздерді екінші бағандағы сәйкес сөзбен алмастырыңыздар.





1

Әкесі кенже ұлына мысық береді.

жақсы көретін/ең кіші

2

Арал тұрғындары қолма-қол сұрағанын береді.

алақанына/бірден

3

Ағасының олжасына інілері таңғалады.

әкелген алтынына/есегіне

4

Арал тұрғындары құралды сатуын өтінеді.

әтешті/шалғынды

5

Мұндағылар өмірі әтеш көрмеген екен.

ешқашан/күндіз

6

Өздеріне тиесілі заттарын кәдеге жаратады.

тән/киелі

Бағалау критерийі: Берілген сөздерге мағыналас сөздерді табады.
Дескриптор:
-тіркесті сөздердің мағынасын ажыратады;
-тұрақты тіркестің мағынасын табады;
-синонимдес сөздер екендігін ажыратады.


Тілдік бағдар.
Зат есімдердің жасалу жолдары
Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалған зат есімдер негізгі зат есім деп аталады. Мысалы: кітап, дәптер, адам.
Басқа сөздерден жұрнақ арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз.
Зат есім тудыратын жұрнақтар:
1) есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
- шы, - ші: етік+ші, балық+шы, аң+шы т. б.
- лық, - лік, - дық, - дік, - тық, - тік: жақсы+лық, дос+тық, шын+дық т. б.
- ша, - ше: бөлім+ше, кітап+ша, маңдай+ша т. б.
- шық, - шік: ойын+шық, үй+шік т. б.
- хана, - стан, - кеш: дәрі+хана, кітап+хана, Қазақ+стан, арба+кеш т. б.
2) етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар:
- ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе: бөл+ме, тоқы+ма, кес+пе т. б.
- ым, - ім, - м: бөл+ім, біл+ім, тоқта+м т. б.
- қы, - кі, - ғы, - гі: шап+қы, бұр+ғы, сүз+гі, ашыт+қы т. б.
- ыс, - іс, - с: жең+іс, айт+ыс, тала+с т. б.
- ық, - ік, - қ, - к: қаз+ық, көр+ік, сұра+қ, тіле+к т. б.
- ыш, - іш, - ш: қуан+ыш, өкін+іш, қызған+ыш т. б.
- уыш, - уіш: тырна+уыш, еле+уіш, түйре+уіш т. б.


Жазылым тапсырмалары
1.3-тапсырма, 150-бет
Берілген сөздердің қандай жолмен жасалғанын табады.
2.Берілген сөздердің жұрнақтарын ажыратады.
Балалық, тоқыма, қуаныш, жеңілдік, достық, бірлік, тарсыл

Дәптерлеріне күн ретін, жаңа сабақ тақырыбын жазады.

Ережемен танысады.





“Шапалақ”әдісі



ҚБ
Жарайсың
Кері байланыс беру

ҚБ
Жарайсың


Кері байланыс беру



Оқулық
5-сынып


Қазақ тілі
Б.
Қапалбек
М.
Жолшаева
Т. Мадиева



Сабақтың соңы
5 мин

Рефлексия "Сабақ ұнады ма?"
Сабақтан қандай ақпарат алдыңыз? “Ой бөлісу
Оқу/ үй тапсырмасы
Ережені оқу

Бағалау
“Бас бармақ” әдісі
👍🏼 - тамаша
👎🏼 - нашар




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет